ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Облыс әкімінің жұмыс сапары

23:31, 26 мамыр 2022

Екібастұзда жуырда инфекциялық бөлім ашылады. Онда енді респитаорлық инфекциялық диагнозы бар науқастар қабылданады. Ғимарат 5 жыл консервацияда тұрған. Мекеменің жұмысымен аймақ басшысы танысты.

Алдымен, Әбілқайыр Сқақов  екбастұздық ақсақалдармен кездесті. Көкейде жүрген көптеген сұрақтар ортаға тасталды.

Кейін облыс әкімі «Атамұра» ұлттық орталығына барды. Ғимарат  өткен жылы күрделі жөндеуден өтіп, толығымен  екі қабаты жаңартылды. Орталықта шығармашылық үйірмелер, секциялар, шеберханалар жұмыс жасайды.

Жанар Сүлейменқызы, «Атамұра» ұлттық орталығының әдіскері:

Бастамасы Атамұра ашылған кезде ұлы тұлғалардың тарихын сақтайтын архив ретінде ғана ашылыпты. Қазіргі күні міндетті түрде халықаралық айтыстарды өткізіп тұрамыз.

Ұлттық құндылықтарды сақтайтын орталық өткен мен бүгінімізді тоғыстыратын орынға айналды. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері келіп, мұнда мәдени шараларға қатыса алады.  

Одан бөлек, Әбілқайыр Сқақов Екібастұздағы қайта жөндеуден өткен медициналық мекемеге атбасын тіреді. Дәрігерлер жабдықталу жағы жоғары деңгейде деді. 

50 орынға шақталған бөлімше енді респиторлық инфекция анықталған науқастарды қабылдайтын болады.

Айдар Сейітқазинов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Барлық жағдай жасалған. Жан сақтау бөлімшесі, ана мен балаға арналған палаталар бар. Оттегі беретін құрылғымен, өкпені жасанды желдету аппараты, зерттеу құралдарымен қамтылған.

Облыс әкімі өз кезегінде жаңартылған ғимаратты дұрыс пайдалану керектігін айтты. Сонымен қатар, әкім «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген жаңа үйдің кілттерін тұрғындарға табыстады. Бұл  қуанышты қала тұрғыны Лейла Әшірбекова 14 жыл күткен екен. 

Айта кетейік, 72 пәтердің 18-і көпбалалы отбасыларға берілді. Сондай-ақ, жетім балалар,  әлеуметтік осал топтарының өкілдері бар. 

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
17:13, 4 тамыз 2022
Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
Толығырақ...
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
21:18, 7 шілде 2022
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар