ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

18:42, 19 ақпан 2021

2020 жыл адамзат жадында мәңгі сақталары хақ. Әлемді әбігерге салып, іргеде індеген індет талай тың тақырыптардың таралуына тұсау болып, жұрттың жүрегіде жағымсыз әсер қалдырды. Бірақ, бұған қарамастан Ертіс-Баян өңірінде ілкімді істер мен жүйелі жобалар жүзеге асырылды. Бұл туралы аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов өзінің бүгінгі есеп беру кездесуінде ашық айтты. Ертіс телеарнасының тікелей эфирінде және әлеуметтік желі арқылы онлай форматта ұйымдыстылырған жиында қоғамда қордаланған тақырыптар кеңінен талқыланды. Эфирге жолданған тұрғындардың талап-тілектері қандай? Өңір басшысы қанағаттананрлық жауап бере алды ма? келесі сюжеттен көрейік.

Әбілқайыр Сқақов облыс әкімі болып тағайындалғалы бері өңір тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында жеті негізгі басымдықты ұстанатындығы айтқан болатын. Сол тізімді бастап тұрған тақырып – тұрғын үй мәселесі. Ондаған жылдар бойы пәтер кезегінде тұрғандардың қатары сиреді. Үй кезегі сынаптай сырғымаса да, жыландай жылжығаны анық. Бұған былтырғы жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің кеңдігі. Нақыталасақ, кезек күткен 1096 адам баспаналы болды. бұл 2019 жылмен салыстырғанда 5 есеге жоғары.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Тұрғын мәселесі. Үлкен проблема бұл – пәтер алуға үміткерлердің мыңдаған кезегі. Біз оны қысқарту бойынша жүйелі әрі стратегиялық тұрғыдан жұмыс істеу міндетін қойдық. Өткен жылы пайданалуға берілген тұрғын үй алаңы артып, сертификаттарды қаржыландыру бірден тоғыс есеге артты. нәтижесінде 1096 кезекте тұрған адам пәтер алды.

Облыс ортағығы ғана емес, ауыл тұрғындары да назардан тыс қалмады. Әрине, елді-мекендердегі өзектілігін жоғалтпайтын тақырып, - ол таза ауыз су мәселесі. Былтырғы жылдың жорытындысы бойынша өңір ауылдарының 90 пайызы орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтылды. Ал, мәселе 2023 жылдың соңында толық шешіледі деп күтілуде. Әкімнің алға қойған үшінші міндеті – шағын және орта бизнесті дамыту. 2020 жылы бұл шаруаны оң жақты ету біраз қиындық тудырды.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Карантиндік 2020 жылы бизнесті қолдау мәселесі қандай өзекті болатынын білмедік. Біз шағын және орта бизнес жобаларын мемлекеттік бағдарламалармен қамтуды барынша арттыруға тырыстық. Кредиттеу көлемін 1,5 есеге ұлғайттық. Облыс бойынша шағын индустриалды аймақты іске қосылды.

Сонымен қатар өткен жылғы көрсеткіштерге қараиастан жұмыссыздық деңгейі өз деңгейінде қалды. Биыл 20 бос жұмыс орынын ашу көзделіп отыр. оның кемінде 60 пайызы тұрақты түрде болмақ. Ауылшаруашылығының да ауқымы кеңейді. Суармалы алқаптар артып, ірі қара мал импорттау жұмысы жолға қойылды. Бұдан бөлек, соңғы ахуалға сәйкес өңір медицинасы жоғарғы деңгейге көтерілді. Хош. Тақырыптың тұздығына ойыссақ. Есеп беру кездесуінің ең негізгі бөлігі сұрақ-жауап кезеңі. Ал, жиындағы алғашқы сауал, медицина саласына қатысты болды. №5 емхана тұрғындар көп шоғырланған аймаққа қарайды. Әрине, нысанның көлемі кіші болғандықтан, келушілерге ыңғайсыздық тудыратын көрінеді. Осы ретте қала тұрғындары қосымша емхана салынса екен деген тілегін айтты.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Жалпы, медицина саласына былтыр көп қаражат бөлінді. Ол әрине біріншіден пандемияға байланысты. Екіншіден жалпы басқа да инфекциялық науқастардың саны көбейді. Қан тамырлары ауруының науқастары жеке бақылауымызда болуы керек. Сондықтан да, бірінші деңгейдегі өзіміздің поликлиникаларымыздың қызметі ерекше бақылауда болу керек.

Сонымен қатар, павлодар мен ленин кенті ортасындағы көлік көпірі де тілге тиек етілді. Өңірде «Нұрлы жол» көпірі ашылғалы жүк көліктерге солтүстік аймақтағы көпірде өтуге тыйым салынған еді.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Біржағынан ыңғайсыздық бар. Мен оны білемін. Қазір осы мәселе ДАму, ифрақұрылым министрлігінің құзырлығына жатады. Біз осы министрлікпен жұмыс жасаймыз. Жоспар бар. Жобалық-сметалық құжаттама қазір әзірленуде.

Айта кету керек, 109 бірыңғай байланыс орталығынан бөлек, тұрғындар әлеуметтік желілер арқылы да сауалдарын жолдады. Басым бөлігі әлеуметтік салаға қатысты.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Енді мысалы, жәрмеңдеке жылына 1 млрд теңгеге азық-түлік сатылса, меніңше осы орташа есеппен айына фермерлік базардың ашылуымен байланысты айына 1 млдр теңгеге азық-түлік сатылатын болады. Осы мәселе шешілсе жүйелі түрде баға тұрақтандыру мәселесі орнынан келеді деп мен сенімдемін.

Өңірдің зиылы қауымы тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Тәуелсіздік монументін салуды ұсынды.

Асыл Әбіш, «Найзатас» журналының бас редакторы:

Облыс орталығы Павлодар қаласында Тәуелсіздігімізге тәу ететіндей, осы тәуелсіздік тарихын ұрпақтың  санасына мықтап сіңіретіндей бір белгі монумент салынса деп зиялы қауым өкілдері бірнеше жылдан бері айтып келе жатыр. Мына жерде зиялы қауымның ұсынысы. Тағы да ақылдасайық. Қоғаммен бірге, қоғамддық кеңестің мүшелерімен ардагерлермен. Содан кейін, тағы да қарастырамыз. Егер сондай, қоғамда көпшіліктің пікірі осындай болса, қолдауға болады деп мен сенемін.

Сонымен қатар, облысымыздың аудан, қалалары тікелей эфирге қосылуға мүмкіндік алды.   Арызданғандар қатарында Қалқаман кентінің тұрғындары да бар.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Сіз көтерген мәселе өте маңызды. Біз осы объекті жөндеуден өткізу керекпіз. Бұл жерде ауыл ел бесігі бағдарламасы шеңберінде осы балабақша, спорт кешені, жол мәселесі толық солардың шартарына жататын болады.

Жалпы Әбілқайыр Сқақовтың есеп беру кездесуі екі сағаттан астам уақытқа созылды. Осы уақыт аралығында тікелей эфирде 50-ден астам сұрақ қойылды. Ал, жалпы тұрғындар тарапынан жолданған сауалдар көлемі 520-дан асады. Ал, уақытқа сыймай қалған тақырыптар, алдағы уақытта қараталын болады.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ҚАЙТА ӨҢДЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
19:56, 24 ақпан 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ҚАЙТА ӨҢДЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Толығырақ...
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ІРІ ҚҰРЫЛЫС УЧАСКЕЛЕРІН АРАЛАДЫ
19:40, 22 ақпан 2021
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ІРІ ҚҰРЫЛЫС УЧАСКЕЛЕРІН АРАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
19:36, 19 ақпан 2021
БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
18:34, 25 ақпан 2021
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
Толығырақ...