ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Облыс әкімі шаруалармен кездесті

20:28, 23 мамыр 2022

Павлодар ауданының бірқатар шаруа қожалығы кеңейіп, көкөніс қоймасын салуды жоспарлап жатыр. Бұл туралы жұмыс сапарымен Павлодар ауданын аралаған облыс әкіміне шаруалар айтты. Күзгі өнім биыл қалай болмақ?

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов алдымен «Асхат» шаруа қожылығына келді. Әлемдегі ең ұзын суару машинасы осында орналасқан көрінеді. Жаңа технологиялы құрылғы күздегі өнімнің мол болуына септеседі деп күтілуде.

Биыл шаруашылық бір гектардан 50 тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Бұл үшін барлық техника пайдаланылады дейді, шаруа. Қожалық енді көкөніс қоймасын салуды жоспарлап отыр.

Мындағы 100 гектар өнім шетелге экспортқа жіберіледі. Шыққан көкөністің 70 пайызы ел тұтушыларын қамтитын болады.

Қадырбек Нұрпейісов, «Асхат» ШҚ басшысы:

Мына жерде 120-140 гектарда картоп отырғызылады. Жеті жыл бойы картоп, сәбіз, қызылша, қырыққабат егеміз.  Биыл бірақ пияз салмауды жқн санадық. Енді жаңа фирмамен келісімшартқа отырып, чипсыға картоп отырғызатын боламыз. жалпы жиналған өнімнің 70 пайызы елімізді, 30 пайызы шетелге экспортталады.

Павлодар ауданында жалпы 341 шаруашылық көкөніспен айналысады. Суармалы жер алқабы 15 мың гектарды құрайды. Жыл сайын 250 мың тонна көкөніс өнімі түседі.

Келесі кезекте аймақ басшысы «Радуга» шаруа қожалығына атбасын тіреді. Басшысы Станислав Ким араға бірнеше жыл салып картоп өндірумен айналысуды қайта бастағанын айтты. Бұдан бөлек, «Арман» шаруа қожылығы да құрылғылар мен технологияларды жаңартқанын жеткізді.

Енді шаруашылық екі көкөніс қоймасын салуды жоспарлап отыр. Жер аумағы рәсімделген. Тұрақты 10 адамды жұмыспен қамтуда. Сондай-ақ, әкім «Родник» шаруа қожылығының жүмысымен танысты.

Ал, аудандағы  «Андас» шаруа қожалығы 3 мың тонна сәбіз сақтауға арналған қойма салып, 1000 басқа арналған сүт тауарлы ферма тұрғызуды жоспарлап отыр.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
17:13, 4 тамыз 2022
Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
Толығырақ...
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
21:18, 7 шілде 2022
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...