ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕКІ АУДАНҒА БАРДЫ

10:20, 12 мамыр 2020

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов жұмыс сапарымен Успен және Шарбақты аудандарына барды. Өңір басшысы ең алдымен Таволжан ауылындағы орталықтандырылған су құбырының құрылыс барысымен танысты

470 адам тұратын 135 үйге қосылатын су құбырының құрылысы бір апта бұрын басталған. Күзге дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. -Біздің міндетіміз әр үйді ауыз сумен қамту, дейді әкім.  Бүгінгі таңда Успен ауданында сегіз ауыл сапалы ауыз сумен қамтылған. Таволжаннан басқа, су құбыры Ковалевка, Қозыкеткен, Лозовое ауылдарында салынып жатыр. 2021 жылы Вознесенка, Қаратай, Ольгино, Богатырь және Белоусовка ауылдарында салынады деп жоспарланып отыр. Ауданның 60-70 адамнан тұратын тағы төрт елді мекенінде су тазартқыш кешенді блок-модульдер орнатылады. Сондай-ақ, Успен ауылында Әбілқайыр Сқақов  «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында көркейту жұмыстары басталған «Балдырған» балалар эстетикалық орталығында болды. Соңғы жылдары Успен ауданындағы демографиялық өсімге байланысты, балаларға арналған мекемелер тапшылығы пайда болды. Күрделі жөндеуден кейін орталық 300-ден астам баланы қабылдай алады. Бұл жерде технологиялық парк, эстетикалық, сәндік-қолданбалы, спорттық-туристік және музыкалық бөлімдер ашу жоспарлануда.  «Ауыл — ел беcігі» бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің инфрақұрылымы абаттандырылады. Бұл жерде жасанды футбол төсемесін салу, тартандық жабыны бар жүгіру жолын, баскетболға арналған алаңын және көше жарығын орнату жоспарда бар. Бұдан бөлек спорт залын, киім ауыстыру бөлмесін, әкімшілік-тұрмыстық бөлмелерін де жөндеу керек. Әбілқайыр Сқақов бұл жұмыстарды жүргізуге қаржы қарастыруды тапсырды.

Шарбақты ауданының орталығында жаңа спорттық нысанының құрылысы жүріп жатыр. Биыл бұл жерде 90Х60 метрлік футбол алаңы, қоршау және көше жарығы орнатылады. Сондай-ақ мінберлер, балалар алаңы және воркаут пен волейбол алаңдары, тартандық жабыны бар жүгіру жолы салынады. Бұдан бөлек, Шарбақты ауданында екі пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жалғасуда.  Мердігер ұйымы өз қаражаттарына тұрғын үйлер салып жатыр. Әкімдік бұл үйлерді орталықтандырылған су құбырына және отынмен жылытудың жергілікті жүйесіне қосқаннан кейін сатып алады деп жоспарлайды.  Тұрғын үйлер ауылда жетіспейтін мамандықтар бойынша қоныс аударғандарға беріледі.

Павлодар облысының әкімі салынып және жөнделіп жатқан әлеуметтік нысандарды аралап шыққаннан кейін, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына баса назар аудару керектін талап етті. Ол үшін жергілікті қоғам мүшелерін тарту керектігін айтты. Мониторингтік топ жұмыстардың барлық кезеңдегі барысын бақылауы маңызды. Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша талаптарды орындамаған мердігерлер қатаң жазаланатын болады.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА, Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...