ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ

15:54, 24 маусым 2020

Тұңғыш Президенттің жарлығымен 23-маусым мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі болып бекітілген. Мереке қарсаңында елімізде алғаш рет «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауы өткізілген болатын. Үздіктер қатарынан жерлесіміз, Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысы Дидар Ибраев көрінді.

Өмір жолын елінің дамуы мен гүлденуіне арнаған жандардың еңбегі қашан да елеулі. Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысы Дидар Ибраев бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн. Кәсіби мерекесіне орай «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» атанса, 23-маусым оның туған күні. Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 761 мемлекеттік қызметші қатысты. Олардың ішінен 10 үздік таңдалып алынды.

Айнұр Сәдуақасова, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы:

Биылғы жылы үздік мемлекеттік «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық байқауы қашықтықтан өтті. Барлық Қазақстаннан 761 мемлекеттік қызметші қатысты. Оларды оны ғана жеңімпаз атанды. Павлодар облысынна жеңімпаздар қатарына Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысы Дидар Ибраев кірді. Жеңімпазды құттықтаймыз, Барша мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтағым келеді. Мықты денсаулық, амандық  және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін.

Айта кетейік, Павлодар облысында мемлекеттік қызметкерлердің саны шамамен 5 мың адамды құрайды. Олардың 67% -ы нәзік жандылар, және  13% -ы басшылық лауазымда қызмет етеді. 1991 жылдан бастап қызметкерлердің орташа жасы 44-тен 39 жасқа дейін төмендеді. Бүгінгі таңда облыста мемлекеттік қызметкерлердің 19% -ы 29 жасқа дейінгі жастар.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ БАҚЫЛАУДА
10:49, 3 тамыз 2020
БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...