ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА БАҚЫЛАУДА

11:59, 10 сәуір 2020

Өңірде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру қоғамдық бақылауға алынады. Бағдарламаның әрбір жобасы жіті сүзгіден өтіп, ерекше назарда болады. Бұл туралы аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов, әкімдікте өткен жиында атап өтті.

Облыс әкімі жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламалардың сапалы әрі дер кезінде орындалуын өзі бақылауға алмақ. Бүгінгі таңда өңірде жалпы құны 43 миллиард теңге болатын 200 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Соның арқасында аймақта жаңадан 12 мың жұмыс орны ашылады. Олардың жартысы жұмыспен қамту орталықтарының есебінде тұрған жұмыссыздар болады.   

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» жобалары биылғы жылы жүзеге асуы тиіс. Біз бұл жұмыстарды төтенше жағдай режимінде бастайтын болғандықтан, барлық жобалық және конкурстық жұмыстарды саралап шығуымыз керек. Уақыт өте аз. Сондықтан қалалар мен аудан әкімдері, сондай-ақ басқарма басшылары бұл процесті жеделдетуі керек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...