ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

20:19, 30 сәуір 2020

Елдегі төтенше жағдайға байланысты өңірдегі мәдени іс-шараларды өткізу форматы өзгертілді. Келе жатқан мамыр мерекелерінде шерулер болмайды. Алайда, мерейлі даталар қарсаңында «Жеңімпаздар» кітабының тұсаукесері мен түрлі онлаин шаралар өтеді. Биыл Ертіс Променад сахнасындағы кештерде кімдер өнер көрсетеді? Абайдың әндері фестивалі бола ма? Бұл сұрақтарға облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы онлаин брифингте жауап берді.

Коронавирусқа байланысты облыстың мәдени мекемелерінің барлығы қашықтықтан жұмыс жасап жатыр.  Сәйкесінше жоспарланған іс шаралар тұрғындарға әлеуметтік желілер арқылы онлайн режимде ұсынылады. Мәселен, кітап оқығыңыз келсе кітапханалардың онлайн жобаларын пайдаланасыз. Ал, спектаклдер ютуб каналында қол жетімді.  

Ернұр Дәуенов, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі  басқармасының басшысы:

Тұрғындар шығармашылық ұжымдардың концерттері мен спектакльдерді де тамашалай алады. Ол  үшін мәдениет мекемелерінде үш ютуб канал жұмыс жасайды. Ол облыстық Иса Байзақов атындағы филармония мен біздің екі театрдың ютуб каналдары. Ж.Аймауытов атындағы  қазақ музыка драма театрының ютуб каналынан  бүгінгі күннің өзінде  «Күтпеген кездесу» атты  спектакльді және Чехов атындағы театрдың «Дверь в смежную комнату» атты  спектакльді тамашалауға болады.

Екі театрда Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арналған премьера жоспарланған. Енді, ол қойылымдар карантин аяқталып, жөндеу жұмыстары жасалғаннан кейін ғана көрерменге жол тартады.  Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өңірде 7 ірі мәдени ошаққа жөндеу жүргізілмек. Олардың қатарында көркемсурет музейі, «Шаңырақ» орталығы, облыстық кітапханының балалар бөлімшесі, Естай атындағы мәдениет сарайы, Екібастұздағы «Өнер» орталығы және екі облыстық театр бар.

Ернұр Дәуенов, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі  басқармасының басшысы:

Қазақ театрында  402 млн теңге қаражат бөлініп отыр. Бұл жөндеу жұмыстарының ішіне  ең басты төбенің жөндеу жұмыстары кіреді. Ол жерде су ағатын төбесі болатын. Сосын сыртқы фасады. Сосын ең бастысы мәжіліс залының модернизациясы ұйымдастырылады және ішкі жөндеу жұмыстары әртістердің гримерлік бөлмесі және тағы да басқа ішкі жұмыстар жүргізілетін болады.

Мамыр мерекелеріне орай 150-ден астам онлайн іс шара жоспарланған. Олардың 30-ға жуығы Жеңістің 75-жылдығына арналады. Айта кетерлігі, биыл Ертіс Променад жобасы жалғасады. Жоба жаздың 15 сенбісін қамтиды.  Концерттерге тек жергілікті өнерпаздар қатысады. Алғашқы концертті коронавируспен күрескен азаматтарға арнаймыз, дейді мәдениеттегілер.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...