ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМ ҮШІН КӨМЕК БЕРІЛЕДІ

10:23, 22 сәуір 2020

Елдегі төтенше жағдайға байланысты коммуналдық төлем үшін өтемақы төленетін болды. Бұл көмекке Павлодар облысының 50 мыңнан артық тұрғыны қол жеткізеді. Коммуналдық төлем жеті санат бойынша беріледі. Бұл туралы онлайн брифингте облыс әкімінің бірінші орынбасары Сұңғат Есімханов мәлімдеді.

18 сәуір күні Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі карантинге жабылған өңірлердегі халықтың жекелеген санаттарының коммуналдық шығыны үшін 15 мың теңгеден аударылатыны туралы ақпарат жариялады. Төтенше жағдай кезінде аталған көмек 7 санат бойынша бекітілді. Олар - 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен мүгедектері және соларға теңестірілген тұлғалар. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы жанұя, ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер, АӘК алатын азаматтар,  мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары.

Cұңғат Есімханов, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары:

Осы жеті категория бойынша осы коммуналдық төлемдерді шығындарын өтеу туралы көмек көрсету шешімі шықты. Ол бір айға 15000 теңге. Жалпы, екі айға сәуір мен мамыр айларына белгіленген көмек болып саналады. Оған тиісті жұмысты біз бастадық. Жергілікті әкімшіліктермен басқармалармен. Бүгінгі күні осы жеті категория бойынша тізімде 50 мың 940 адам тікелген.

Өтемақы алатындар саны дербес шоттар сәйкестендірілгеннен кейін толық анықталады. Өңір тұрғындарына шығындарды өтеу үшін өтінімді сәуір және май айларына түбіртек алғаннан кейін берулеріне кеңес беріледі. Билік өкілдері дербес шотты банктегі жеке есепшотпен шатыстырмауды сұрайды.

Cұңғат Есімханов, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары:

Жеке шот деп отырғанымыз ол банктағы ашылатын емес. Ол мынау коммуналдық қызмет көрсететін мекемелерге мына электр энергия, су арқылы төленетін әр қайсымызға әр пәтер иесіне беретін жекеменшік шот. Солтуралы айтылады. Банктағы қаражат түсетін шот емес.

Бүгінгі таңда коммуналдық төлемдерді алу бойынша әр ауданда байланыс орталықтарының нөмерлері жұмыс істейді. Стационарлық нөмердне басқа, ұля байланыс нөмерлері де бар. Сонымен қатар, 109 бірыңғай диспетчерлік қызметіне де хабарласуға болады.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...