ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Көктемгі егіс жұмыстары қарқынды

20:08, 12 мамыр 2022

Биыл Железин ауданында шаруалар 1 гектар жерден 10 центнерге дейін өнім алуды жоспарлап отыр. Қазір егіс жұмыстарына техникалары сақадай сай. Арзандатылған жанар-жағармай берілген.

Бүгінде Железин ауданында көктемгі егістік жұмыстары басталып кетті. 140 мың гектарда ылғалдылық жабылды, дейді агрономдар.  Қазіргі таңда майлы дәнді дақылдар мен астық дақылдары егіле бастады.

Бауыржан Қаңтарбаев, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

Аталмыш шаруашылық 2016 жылы құрылған. 4200 гектар аумақ тиесілі. 1500 гектарға күнбағыс, 1800 гектарға дәнді дақылдар, қалғанына көпжылдық шөптер отырғызылады. Жалпы ауданда 140 фермерлік шаруашылық көктемгі егіс жұмыстарын бастады.

Железин ауданына наурыз-мамыр айларына 1900 тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінді. Шаруалар егілетін дәннің тұқымымен толық қамтылған. Аталмыш жұмыстарға ауыл шаруашылығы техникасы 90 пайызға дайын.

Бауыржан Қаңтарбаев, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

Бүгінгі таңда ауданда жалпы 180 мың гектар аумақ пайдаланылады. Оның ішінде 26 мың гектарға майлы дақылдар мен көпжылдық шөптер егіледі. Қалғанында астық болады. 1700 гектарға картоп, сәбіз, қырыққабат отырғызылады. Жалпы суармалы егіншілік аумағы 11 мың гектар.

Шаруалар биыл күздегі өнім жылдағыдан кем түспейді деп отыр. Жердің ылғалдылығы да жеткілікті. Осылайша 1 гектардан 10 центер өнім алуды жоспарлап отыр. 

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік қызметкер мәдени қамтылуда
21:19, 20 мамыр 2022
Мемлекеттік қызметкер мәдени қамтылуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...