ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Кәсіпорын өкілдерімен жүздесу

18:39, 30 маусым 2022

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қаламыздағы ірі кәсіпорын өкілдерімен кездесті. Жиынға негізінен жастар келген. Талқыланған мәселе де дәл осы жастар әлеуетін ірі кәсіпорындарға, еңбекке тарту жайында болды.

Ірі кәсіпорындардағы еңбек жағдайы қалай? Жастар онда ұзақ уақытқа тұрақтап қала ала ма? Осы және өзге де мәселер өңіріміздің ірі кәсіпорын өкілдерінің қатысуымен талқыланды. Сонымен қатар вице-министр парламентте жастар саясатына қатысты жаңа заң жобасы талқыланып атқандығын айта келе, жастардың қаржылық, құқықтық сауатын арттыру мәселесін де сөз етті.

Александр Данилов, ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:

Бізге ненің жақсы, ненің жаман екендігін білу керек. Әр түрлі әлеуметтік делілердегі курстар шынымен жастарға қаржылық сауаттылық бере ала ма? Көпішікл жастар қаржылық пирамиданың құрбанына айналып та жатыр. Бұл жерде заңдық суаттылық та қажет. Ал, өңірлердегі бұл мәселер  біз үшін аса маңызды.

Жастар - ел болашағы деп жиі айтамыз. Алайда, сол болашақ үшін не істеліп жатыр? Еліміздің жас буыынна қандай инвестиция құйылуда? Жиын барысныда жастар саясатын қатысты жаңа концепция жайы да сөз болды.

Гүлзира Атабаева, «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы:

Өткен жылы жастар саясатының концепциясы қабылданғанын білесіздер. Биыл жаңа концепция жасақтау үстіндеміз. Жастар осыған өз ұсынсытарын білдіре алады. Жалпы жастар арасында мәселе көп. Көбінесе еңбек келісімшартының дұрыс жасалмауы мәселесі кездесіп жатады. Бұны шешуге барынша тырысудамыз.

Кездес аясында жастар өз ойларымен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
17:13, 4 тамыз 2022
Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
Толығырақ...
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
21:18, 7 шілде 2022
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...