ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІК ҚОЛДАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

09:54, 19 наурыз 2020

Елімізде, төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлікке қолдау көрсету үшін 300 миллиардтай теңге қарастырылған. Ал, «Қарапайым заттар экономикасы» жобасына қосымша 400 миллиард теңге бөлінеді. Ал, біздің өңірде бұл бағытта қандай шаралар қолға алынбақ.

Қазіргі таңда шығындарды азайту үшін бизнес айналымдағы қаржы көлемін арттыру ұсынылып отыр. Павлодар облысында «Қарапайым заттар экономикасы» аясында 80-нен аса жоба мақұлданған. Олардың ешқайсысы да тоқтатылмайды, дейді облыс әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов, Өйткені, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Үкімет қабылдаған шара ұзақ мерзімге арналған.    

Сәкен Шаяхметов, облыс әкімінің орынбасары:

Індетті жеңгеннен кейін біздің экономикамы қысқа мерзім ішінде аяқтан тұрып кету үшін вирус пен мұнай бағасының құлдырау әсерін сезінбеуіміз керек. Сондықтан, қарастырылып жатқан шаралар ұзақ мерзікдік.

Кәсіпкерлер расында да қолдаусыз қалмайды, дейді. Билік оның дәлелі ретінде бүгінде қаны жерге тимей тұрған бет перде шығаратын «Мерусар» компаниясын көлденең тартады. Қазір мұнда қондырғы істен шыққандықтан маскаларды қолмен тігуге мәжбүр. Қондырғыға қажетті бөлшектер Қытайда жасалады. Оны жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Сәкен Шаяхметов, облыс әкімінің орынбасары:

Қытай елшілігі қызметкерлерімен  өзім сөйлесіп отырмын. Бөлшек шығаратын зауыт дүйсенбіден іске қосылған. «Мерусардың» техникалық ақауын қалпына келтіру бойынша жан жақты жұмыстар атқарылып жатыр. Бәрі қалпына келтіріледі.  

«Мерусардың» қондырғысы қалпына келтірілген соң, тәулігіне 40 мыңға дейін маска өндіретін болады. Қазір басқа кәсіпорындар көмекке келіп жатыр. «Нефтехим ЛТД» мен басқа да тігін цехтары күніне 30 мыңға дейін бет перде шығаруда. Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, масканың босату бағасын 60-70 теңгеден асырмау жөнінде алдын ала келісім бар. Қазір, бір қолға бестен 10 бетперде беру мәселесі сөз боп жатыр. Антисептик шығаратын ірі компаниялар сауда орындары мен мекеме басшылары кездескен.

Сәкен Шаяхметов, облыс әкімінің орынбасары:

Енді, денсаулық үшін жұмсалатын қаражат мәселесі бизнестің өз жауапкершілігінде. Ешкім ешкімді мәжбүрлейін деп жатқан жоқ. Біз сабырлық сақтауға шақырамыз. Барлық ережелерді қаперде ұстау керек.

Сәкен Шаяхметов, сауда ойын-сауық орталықтары, мейрамхана мен дәмханалар, түрлі клубтар мен спорттық мекеме басшыларын жағдайға жауапкершілікпен қарауға шақырады. Әлбетте, қазіргі жағдайда олардың біраз шығын көрері анық. Әйтсе де, кейін мемлекеттен қолдаусыз қалмайтын болады.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

 


 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...