ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Қазақстан полициясына 30 жыл

20:17, 23 маусым 2022

Қазақстан полицияның құрылғанына 30 жыл. Аймақ басшысы тәртіп сақшыларын мерейтоймен құттықтады.

Тәуелсіздік жылдары қызметтік борышын орындау кезінде 814 тәртіп сақшысы, олардың ішінде, облыстың тоғыз полицейі қаза тапты. Әріптестері батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.

Мәдениет сарайында өткен салтанатты шарада облыс әкімі полиция жұмысының сервистік модельге көшкенін атап өтті. Полицейлер отбасыларының әлеуметтік жағдайлары мен тұрғын үй мәселесі шешіліп келеді. Екі жыл ішінде сексенге жуық қызметтік автокөлік сатып алынды. Полицейлердің жанқиярлық қызметінің арқасында қылмыстардың ашылу деңгейі артып, саны азайып келеді. Өңір басшысы полицейлерді мерекемен құттықтап, тәртіп сақшыларына ерең қызметі үшін алғысын білдірді.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Қызметте жанқиярлық еңбек, адалдық танытып жүрген полицияның әрбір қызметкеріне зор алғыс білдіремін. Шынымен бүгінде Қазақстан полициясы өз миссиясын жоғары және кәсіби деңгейде орындауда. 30 жылда Қазақстанның ішкі істер органдарының дәстүрлері қалыптасты. Материалдық техникалық базасы артты. Қазір полиция сервистік модельге көшуде. Баспана мәселесі де шешіліп келеді. 200 қызметкер баспаналы болды. 80-ге жуық автокөлік сатып алынды. Маңыздысы - жыл сайын қылмыстар саны төмендеп келеді.

Өңір басшысы ҚР ІІМ құрметті ардагері, отставкадағы полковник Ертағай Әбікеев пен «Динамо» қоғамы төрағасының бірінші орынбасары Абай Мәмбетовті көп жылғы мінсіз қызметі үшін «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Алты полицей облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен наградталды. Ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін үш полицей мерзімінен бұрын әскери атақ алды.

Қайыржан Шақарғалиев, Екібастұз қалалық полиция басқармасының бастығы:

Әр күн жұмыстан оралғанға дейін бұл сала ауыр. Бірақ та ант бергеннен кейін адалдықпен, адамгершілікпен қарап, қылмыстың алын алып жатырмыз.

Марапаттау шарасының соңы концертке ұласты. Көрермендер полиция департаменті хорының және Иса Байзақов атындағы облыстық филармония әртістерінің орындауындағы әндерді тыңдады.

 

Қуандық Танабас

Тақырып бойынша материалдар

Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды
17:29, 4 шілде 2022
Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды
Толығырақ...
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...