ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

КАРАНТИННІҢ КЕЙБІР ШЕКТЕУЛЕРІ САҚТАЛАДЫ

10:46, 13 мамыр 2020

Кейбір шағын және орта бизнес субьектілерінің жұмысы кеңейтілді. Тұрғылықты үйдің маңындағы шағын маркеттермен дүкендер - енді сағат таңғы 9-дан кешкі 21:00-ге дейін, азық-түлік базарлары 7-ден кешкі беске дейін жұмыс жасайтын болады. Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындары тапсырыс арқылы тамақ жеткізумен айналысады.

Карантин режимі жеңілдетілгенмен, облыстағы барлық ойын-сауық орталықтарының жұмысы шектеулі күйінде қалады. Түнгі және компьютерлік клубтартар, монша мен сауналар жабық болып қала береді.

Сәкен Шаяхметов, облыс әкімінің орынбасары:

Аумағы 2000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендері жұмыс кестесі бойынша тағғы 10-нан кешкі 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл қаулы осы аумақтан асатын ірі сауда орталықтары мен сауда үйлеріне қатысты емес, әрі оларға жұмыс істеуге құқық бермейді. Сонымен қатар, ойын-сауық орындары, жаттықтыру залдары мен қорқор бөлмелері бұрынғыша жабық болады.

Жаңа қаулыға сәйкес – таза ауада жұмыс істеуге мүмкіндігі бар спорт нысандарының өз жұмысын жандандыруға рұқсат етілді. Бірақ, жаттығушылардың саны 30 адамнан аспауы тиіс. Жағалау, стадион, саябақтардағы жүгіру жолдары мен футбол алаңдары қайтадан ашылады.

Сәкен Шаяхметов, облыс әкімінің орынбасары:

Техникалық қызмет көрсету орталықтары, доңғалақ ауыстыру орындары мен автосалондар – таңғы 9-дан кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Жалпы, барлық қызмет көрсету саласы 17:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сұлулық салондары мен шаштараздар 17:00-ге дейін келушілерге қызмет көрсетсе, 18:00-ге дейінгі қалған 1 сағат уақыт жұмыс орнын жабуға және дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуге жұмсалуы керек.

Сонымен қатар, карантиндік өзгерістерге сәйкес, халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеудің жаңа тәртібіне көшеді. Яғни, қызмет түрлері алдын-ала жазылу бойынша көрсетіледі. Бұдан бөлек, «Қазпошта» мен екінші деңгейлі банктердің жұмыс кестесі 17:00-ге дейін ұзартылды. Қазіргі уақытта қала бойынша такси қызметінің ресми автопарктері ғана жолаушыларды тасымалдауда. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын бақылаушы топ күнделікті мониторинг жасайды. Ереже бұзылған жағдайда, қатаң шара қолданылады.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА, Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...