ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

КАРАНТИН РЕЖИМІ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ

10:40, 13 мамыр 2020

12 мамырдан бастап облыс ішіндегі бақылау-өткізу бекеттері алынып тасталды. Қала және ауданаралық бекеттер болмайды. Бірақ, басқа аймақ тұрғындарының облысымызға кіріп-шығуына тыйым салынады. Облыс аумағы бойынша 9 блок-бекет жұмысын жалғастырады. Сонымен қатар, бүгіннен бастап қоғамдық көліктердің қозғалысы қайта жанданды. Күшейтілген санитарлық талаптармен Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа да бағыттар бойынша әуе рейстеріне рұқсат етілді.

Павлодар облысында қазір эпидемиологиялық жағдай тұрақты. COVID-19 жұқтырған науқастардың 53 пайызы толығымен емделіп шықты. Соңғы деректер бойынша, аймағымызда вирустан айыққан адамдардың саны 89-ға жетті. Бұл жайында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов онлайн баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Асхат Оралов, облыс әкімінің орынбасары: 

Бізде 154 науқастың қатарында 95 адам Екібастұз қаласынан, 58 адам Павлодар қаласынан және 1 адам Ақсу қаласынан. Қазіргі күні ПЦР тесттерден өткен адамдардың саны 22,5 мыңға жетті. Нақты айтатын болсақ, 22460 адам тестілеуден өтті. Солардың, 154-де коронавирус анықталды. 22306 адамда коронавирус анықталған жоқ.

Еліміз  бойынша төтенше жағдай режимі тоқтатылғанымен, өңірде карантиндік шаралар жалғасады. Облыстық бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес облысымызда карантин режиміне өзгерістер енгізілді. Шаһар ішілік қоғамдық көліктер қатынағанымен жолаушылар тасымалдаушы автобустардың жүруіне әлі де рұқсат жоқ.

Асхат Оралов, облыс әкімінің орынбасары:

Карантин тәртібі өзгергенімен, темір жол, сапаржай, қалааралық және ауданаралық бағыттардағы автобустардың жүруіне тыйым салынады. Қоғамдық көлік қозғалысы облыс бойынша жанданады. Олардың жұмыс уақыты сағат таңғы 6-дан кешкі 20:00-ге дейін. Бірақ, міндетті түрде маска тағу режимін сақтау керек. Тұрғындар автобустарда қала ішіндегі ғана жүре алады, қала сыртындағы елді-мекендерге жеке көлікпен тиісті құжаттары болған жағдайда баруға рұқсат етілген.

Жаңа қаулыға сәйкес енді павлодарлықтарға саябақтарда және Ертіс өзенінің жаңалауында емін-еркін серуендеуге рұқсат етілді. Бірақ, бір отбасының мүшелерін есептемегенде 3 адамнан көп топтасу керек. Ең бастысы санитарлық талаптар мен арақашықтық сақталуы тиіс. Сондай-ақ, білім беру және медицина орталықтары алдын-ала жазылу бойынша адамдарды қабылдай бастайды. Тағы бір қуантарлығы, 12 мамырдан бастап балабақшаларда кезекші топтар өз жұмысын бастады.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...