ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Қалалардың бас жоспары өзгертіледі

22:55, 17 мамыр 2022

Павлодар облысында 97 инфекциялық эпизоотикалық ошақ анықталды. Ал, Баянауыл, Май, Ақсу, Павлодар, Екібастұздың ауылдық аймақтарында мал басы жиі ауруға шалдығады екен. Бұны жауапты органдар немен байланыстырып отыр? Аппарат кеңесінде бұдан басқа сәулет, қала құрылысы да сөз етілді.

Ақсу, Екібастұз қалаларында қаланың бас жоспарына түзетулер енгізіліп жатыр. Кез келген шаһарда секілді бізде де,  бас жоспар мен детальды жоспарлау жобалары құрылған. Алғашқысы 30 жылға, детальды жоспарлау жобасы 2-3 жылға қана қамтиды.

Серік Әбдірахманов, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:

Павлодарда бас жоспар 2018 жылдан бері жұмыс жасайды.  Қазіргі таңда Екібастұздың бас жоспары  былтыр басталды. Биыл аяқталады. Сондай-ақ, ақсудың бас жалпы 2022 жылы түзетіле бастады. Биыл аяқталады.

Осы ретте өңір басшысы облыс орталығын көркейту бойынша тапсырма берген еді. Қазір Павлодарда детальды жоспарлаудың 8 жобасы бар. Ал ауылды жерлерде бұған қажеттілік болмаса да, тұрғындармен байланыс қажет деді өңір басшысы.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Мен аудандарға барып, тұрғындармен кездескенде маған мысалы спорт кешенді неге ол жерге қойды. басқа жерге қоюға болушы еді деп жатады. Бұл жерде түсіндіру жұмыстары төмен, немесе бірлесе жұмыс жасау жоқ. Сондықтан аудан әкімдерімен бұл сұрақтар жасалуы тиіс.

Асайын Байханов, Павлодар қаласының әкімі:

Спорт сити шағын ауданында детальды жоспарлау жобалары түзетілді. барлық процедуралардан өтті. Енді міне  аталмыш аумақта инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым және көгалдандыру бойынша сұрақтар шешіліп жатыр. Енді Достық, Затон аудандарының детальды жоспарлау жобалар түзетіп жатырмыз.

Осылайша жылдың соңына дейін облыс орталығы толығымен детальді жоспарлау жобаларымен қамтылатын болады. 2,5 жылдың ішінде бұл көрсеткіш 90 пайызға дейін жеткізілуі тиіс. Сондай-ақ, өңір басшысы бірінші екінші деңгейдегі нарықты тұрғын үй мәселесі туындап отырғанын жасырмады.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Қала әкімдеріне егжей-тегжейлі жоспарлар жоспарын күшейтсін. қалалардың аумақтарын қызыл сызықпен қамтасыз етсін. текреу жүргізсін. Заңнама көзделген шаралар қабылдансын. Жиын өткіземіз.

Эпизоотикалық Жағдай

Аппарат кеңесінің келесі сұрағы өңірдің эпизоотикалық жағдайы  төңірегінде болды. Павлодар облысында 97 инфекциялық эпизоотикалық ошақ  анықталды. Ал, Баянауыл, Май, Ақсу, Павлодар, Екібастұздың ауылдық аймақтарында мал басы жиі ауруға шалдығатын көрінеді. Оны аудан әкімдері кадр мәселесі мен мал денесін утилизациялау сынды проблемалармен байланысты.

Қайыржан Байжанов, ветеринария басқармасының  басшысы:

Жыл басынан бері 197 мың Ірі қара мал брюцеллезге зерттелді.  868 бас қара малда аталмыш инфекция анықталды. Жұғу процесі  0,4 пайызды құрайды. Былтыр осы аралықта 0,6 пайыз еді. Ветеринарлық станциялар салынып жатыр. ұсақ қара мал 754 мың зерттелді, 54 бас жануар ауру болып шықты.

Осы ретте мал басын иммунизациялау шаралары жүргізілуде. Ағымдағы жылы құстарды вакиналауға 503 мың доза препарат бөлінді. Жеке сектордағы құстарға беріледі. Келесі жылы құс фабрикалары өз қаражаттарынан иммунизация жүргізіледі.  

Қайыржан Байжанов, ветеринария басқармасының  басшысы:

Облыста сібір жарасының көму орындары бар, картада белгіленген. Өлген жануардың денесін утилизациялауға 249   орын бар. Олардың 33 ғана ветеринарлық санитарлық нормаға сай келеді. 216-сының жағдайы көңіл көншітпейді.

Жиын соңында аймақ басшысы эпизоотикалық жағдайды бақылауда ұстауға тапсырды.  

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Облыстық аумақтық ветеринариялық профилактикалық уақытылы қамтамысуз етілу. Мейрам Олжабайұлы бақылау сізде.

Айта кетейік, полицей департаментінің ақпаратынша облыста иесіз мал басын қамауға 146 айыппүл тұрағы бар. Оған жыл басынан 8 мың қара мал қамалды.   Иесіз малдардың қатысуымен 13 жол көлік апаты орын алды. Бұны да назарға алу керек дейді аймақ басшысы.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
17:13, 4 тамыз 2022
Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
Толығырақ...
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
21:18, 7 шілде 2022
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар