ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Қала әкімі халықпен кездесті

22:37, 18 мамыр 2022

Биыл облыс орталығында коммуналдық желерді жөндеу жұмыстары қарқынды. Сонымен қатар, аулалар мен саябақтарды абаттандыру жұмыстарына да ерекше ден қойылып отыр. Қала әкімі Асйын байханов тұрғындармен кездесіп, биыл атқарылып жатқан және алда іске асатын жұмыстар легімен халықты хабардар етті.

Қазіргі уақытта қаланың көлік қозғалысында аздаған шектеулер мен бөгелістер болып жатқаны белгілі. Себеп жылу коммуналдық желілерді жөндеу жұмыстарына байланысты. Мәселен, Естай көщесінде жылу магистралының құрылыс жалғасуда. Ұзындығы 1,4 шақырым болатын ТМ31 жылу магситральі құрылсына 1,9 млдр теңге бөлінген. Сондай-ақ, ұзындығы 2,5 шақырым болатын су құбырын жөндеуге 760 млн теңге қарастырылпты. Қалада атқарылып жатқан бұдна да өзге жұмыстар баршылық деді әкім. Мәселен, аулаларды абаттандыру бойынша...

Асайын Байханов, Павлодар қаласының әкімі:

Биыл 150 аула абаттандырылады. Бүгінгі таңда 8 ауланы асфальттау жұмыстары жасалды. Тағыда қосымша артындағы тротуарлар.

Әкімдік ай сайын 30 ауланы асфальттау, 30 балалар алаңын орнату жоспарын алға қойыпты. Аулаларды абаттандыруға қатысты барлық жұмыс қазан айына дейін аяқталуы тиіс екендігін де ескертті. Ал, қала тұрғындары мен қонақтарының жайлығы үшін саябақтар мен көрікті орындардың қызметін одан әрмен дамту бағытындағы жұмыстарда өз жалғасын тапппақ.

Асайын Байханов, Павлодар қаласының әкімі:

Орталық жағалуда 3 модульді қоғамдық дәретхана, 5 шомылу кабинасын ортану және халықтың мүмкіндігі шектеулі тоының өзенге жетуін қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, тағы 4 тынымбақты абаттандыру жоспарланып отыр.

Бұл жұмыстар мамыр айының соңына дейін басталып, қыркүйек айының аяғына дейін аяқталу көзделіп отыр. Қаланың тұрғындары үшін тағы бір қуанышты жаңалық, Усолка жағалуының 800 метр бөлігі жабдықталады. Оған 373 млн теңге қарастырылып отыр. Әкінің есебін құлақ қойып тыңдаған тұрғындар сұрақ қоюға да кезек алды.

Асайын Байханов, Павлодар қаласының әкімі:

Кесу деп айтып жатырсыз ғой сол жерде өте көп тұрғындар наразылық білдіреді бізге. Неге жасыл қорды аазйып датырсыздар деп. Егер келісіми болса осы аптаның аяғына дейін бригада жібереміз, шешіп береміз жақсы ма?

Сондай-ақ, тұрғындар аланың тазағылығы мәселесінен бастап, жек тұрғынүй теліміне айналғалы отырған «қарағайлы орман» бағбандығының да мәселесін көтерді.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
17:13, 4 тамыз 2022
Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
Толығырақ...
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
21:18, 7 шілде 2022
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...