ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

17:13, 4 тамыз 2022

Шаһар басшысы Асайын Байханов облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында тамыз айының 1 мен 5-і күндері аралығында қала маңында орналасқан ауыл тұрғындарымен жүздесті. Кезекті көшпелі қабылдау Павлодарское ауылында өтті. Тұрғындар қала әкіміне көмір, жер, бизнес бастау мәселесі тұрғысында сұрақтарын жеткізді.

Облыс орталығынан 15 шақырым жерде орналасқан Павлодарское ауылында 6574 адам тұрады. Кала әкімімен болған  тікелей кездесуіне 50 ге жуық тұрғын келді. Мұңын шағып, проблемасын айтты. Солардың бірі - Бақыт Жүніс. Ол қала әкімі Асайын Байхановтан өкпе, бронх ауруына шалдыққан азаматтарға массаж кабинетін ашып, бизнес бастау жобасы аясында бөлінетін грант алуға жәрдемдесуді сұрады.
Бақыт Жүніс, Павлодарское ауылының тұрғыны:
Мынандайға кісілер өте көп барады. Бұл 2 мың доллар тұрады. Бұған мен грант сұрағым келеді. Егер осыған берсеңіздер. Ауылда бір жерде кабинет ашып, арендасына қарай арзанға кісілерді қабылдауға болады ғой. Онда мынаның лентасына төлемеймін ғой. Арзанға кісілерге ем дом жасауға болады. Оған противопоказания жоқ.
Кәсіпкердің мақсаты ауыл адамдарына массаж жасап, емдік шараларын жүргізу. Тіпті ісін дөңгелету үшін Оңтүстік Кореядан керекті жабдықтар сатып алған. Қала басшылығы тұрғынның  мәселесін тыңдап, тұшымды жауап берді. Кәсіпкерлер палатасымен жұмыс жасауы керектігін айтты.
Асайын Байханов, Павлодар қаласының әкімі:
Көбінесе мал жағынан именно денсаулық жағынан. Түсінікті ол жерде шенеуніктер шешім қабылдамайды. Ол жерде әкім жоқ, не бір әкім орынбасары жоқ. Оларға енді біз грантқа тікелей әсеріміз жоқ оған. Біз қаражат бөлеміз. Облыстық, қалалық бюджеттен беріледі .
Көшпелі кездесуге Дорожная 20 көшесінің тұрғыны Ольга Готфрида келді. Ол мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ана. Қала әкімінен көмір сұрайды.  Бұл отбасыға жеңілдік қарастырылған.

Ольга Готфрид,  Павлодарское ауылының тұрғыны:
Мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған көпбалалы анамын. Сізден  біздің отбасымызға қыс мезгілі кезінде отын, көмір мәселесін қарастыруды сұрап отырмын. Екі жыл болды конпенсация ретінде еш көмек ала алмадық.  Себебі біздің жанұя жеңілдік санатына жатады.  Сізбен тікелей кездесу болады деп естігеннен кейін келдім.
Асайын Байханов, Павлодар қаласының әкімі:

Иә, әрине көмектесеміз. Сөз жоқ, қолдау білдіреміз. Егер де отбасыңыз мүгедек бала тәрбилеп отырса. Тағы қандай сұрағыңыз бар?
Қала тұрғыны Жанар Бейсекеева Жер телімін алу үшін кезекте 2006 жылдан тұр. Қазір ол тізімнің 260 нөмірінде. Жерді теміржолшылар ауылынан алғысы келеді.
Жанар Бейсекеева, қала тұрғыны:
Бүгін қала әкімімен кездесуге келіп, жер мәселесімен. Енді қазіргі уақытта бұл мәселе шешілмейтін болып жатыр. Әкім айтқандай 24-25 жылға қарай шешіледі. Өйткені су құбырын, свет электро энергияны өткізу керек деп жатыр.
Халық әлеуметтік жәрдем, жер телімін алу, бизнес бастау, жолдарды жөндеу және тағы басқа көкейкесті проблемаларымен жүгінді.  Сондай-ақ көшпелі отырысқа  қала әкімдігінің барлық бөлім басшылары да қатысты. Жауапты мекеме басшылары жұмысбарысында тұрғындар тарапынан  туындаған сұрақтарға ол жерде жауап берді. Кезекті кездесу бүгін Ленин кентінде өтеді.

Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
21:18, 7 шілде 2022
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
Толығырақ...
Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды
17:29, 4 шілде 2022
Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
17:08, 5 тамыз 2022
Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
Толығырақ...