ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Кадрлық ауыс-түйіс

18:15, 19 шілде 2021

Павлодар қаласы мен Павлодар ауданының әкімдері ауысты. Жаңа басшылардың кандидатуралары Президент әкімшілігінде қаралып, мәслихат депутаттарымен бекітілді. Сонымен, басшылық лауазымға тағайындалғандар кімдер?

Павлодар қаласының жаңа әкімі қызметіне Асайын Байханов тағайындалды. Жаңа басшыны қала активіне аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов таныстырды. Асайын Байханов соңғы 1,5 жылда облыс әкімінің орынбасары қызметінде болған еді. Аймақ басшысы 43 жастағы әкімге сәттілік тілеп, бірқатар тапсырмалар жүктеді. Әбілқайыр Сқақовтың сөзінше қала бюджетін дұрыс жоспарламағандықтан биылғы жылы шыбын-шіркеймен күрес жұмыстары тиімсіз болды. Сонымен қатар, жол жөндеу жұмыстары мен құрылыс саласында да олқылықтар жетіп артылады.   Жаңа әкімге осы бағыттарды ретке келтіру міндеттері қойылды.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Қалалық әкімшілігі шаһарда болып жатқан мәселелерден хабардар болуы керек. Халық үніне құлақ асып, кез-келген түйткілді тақырыптарды бірден шешуі қажет. Бірақ, көп дүние тек сөз жүзінде ғана қалып жатады. Әйтпесе соңғы уақытта қалалық деңгейдегі шаруалар облыстық басқарма мамандары мен менің орынбасарларым араласқаннан кейін ғана шешіліп жүр. Сондықтан, осы олқылықтарды қолға алыңыздар. Шешілмей жатқан мәселе қаншама. Құрылыс саласында мүлдем жүйе жоқ. Мердігерлер жұмысқа жауапкершілікпен қарамайды.

 

ПАВЛОДАР АУДАНЫ     

Ержан Имансләм Павлодар қаласының әкімі қызметінде бір жылға жуық еңбек етті. Енді ол Павлодар ауданының басшысы болып тағайындалды. Аймақ басшысы жаңа әкімге бірқатар тапсырмалар жүктеп, жұмысына сәттілік тіледі. Аудандағы күрмеуі шешілмеген мәселелер тізімін атап өтті. Атап айтсақ, тұрғындарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтерге басымдық беру керектігіне ерекше тоқталды.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Ең бастысы кез-келген мемлекеттік қызмет назарда болуы керек. Әкімдік халықпен тығыр қарым-қатынас жасауы шарт. Иә, павлодар ауданында аудан орталығы жоқ. Сондықтан барынша көпке көрінгеніңіз жөн. Сәттілік тілеймін.

Әбілқайыр Сқақов сондай-ақ Павлодар ауданының облыс орталығына тікелей жақын орналасуы бірқатар ерекше талаптар қоятынын атап өтті. Ең алдымен, бұл Павлодардың азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде де, басқа да салаларда да қайта өңдеу бағытын сақтауды жалғастыру қажет.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Жолдаудағы бейбітшілік пен бірлік тақырыбы
22:31, 9 қыркүйек 2021
Жолдаудағы бейбітшілік пен бірлік тақырыбы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...