ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС

12:29, 20 мамыр 2020

Әділет министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығымен Маржан Имятова облыстық Әділет департаментінің басшысы болып тағайындалды. Маржан Имятқызы 1964 жылы 19 наурызда Павлодар облысының қазіргі Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1986 жылы Краснокутск ауданы Харьков орта мектебінің физика және математика пәнінің мұғалімі қызметінен бастады.

Әр жылдары әділет саласында еңбек етіп, Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары болып қызмет еткен. Сондай-ақ, өңірдің эенергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы ауысты. Облыс әкімінің өкімімен мекеме басшысы болып Ержан Ертаев тағайындалды. Басқарманың бұрынғы басшысы Мұрат Абулқалықов Ақсу қаласы әкімінің орынбасары болды.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ  
 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...