ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі

10:18, 4 шілде 2022

Қазақстан Республикасының ең үздік мемлекеттік қызметшісі облыстық жер қойнауын пайдалану,қоршаған орта және су ресурстары басқармасында еңбек етеді. 26 жастағы білікті маманмен тілшіміз тілдесіп қайтты.

«Біздің міндет-халыққа қызмет». Дәл осындай атаумен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі республикалық сайыс өткізді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 700 ден аса маман қатысты. Конкурс 2 кезеңнен тұрды. Бастапқыда қатысушылар өңірлік деңгейде бақтарын сынап, тапсырма орындады. Мирас облыстық деңгейден сүрінбей өтіп, оза шыққан.  

Мирас Жұмаділов, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы:

Конкурс мамыр айының басында анық болған бірден қатысуға шешім қабылдадым. Қатысқан кезде конкурстың өзі бірнеше этаптан тұратыны айқын болды. 1-ші эатп қысқа уақыт ішінде белгілі уақытта эссе жазу. Эссе патриотизмді арттыру жұмыстары мәселелері. Екінші этап бұл бізде дебюркр-ция бойынша идея ұсыну, көрсету жалпы осы екі этап өңірлік деңгейде өтті.

Кейіннен  аймақтық деңгейде ұсынылған  жобалар іріктеу кезеңінде таныстырылып, қорғалды. Бір айта кетерлігі, жарысқа өңірімізден 70 адам қатысты. Оның екеуі республикалық деңгейге өтті. Дода қорытындысы бойынша Мирастың жинаған ұпайлары жоғары болды. 

Мирас Жұмаділов, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы:

Толықтай барлық талаптар орындалды. Сайыскерлердің саны да көп болды. Бүгінгі таңда берілген мәлімет бойынша 700 ден аса мемлекетік қызметішлер қатысты. орта буын,  азаматтар болды.

26 жастағы Мирас   экология мамандығы бойынша жоғары оқу орнын аяқтаған. Қосымша  бұл бағытта магистратурада білім алды. Сондай-ақ, Қазақстан Республика Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының түлегі.

Мирас Жұмаділов, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы:

Мен үшін бұл алынған белестердің бірі болып саналады. Жалпы, өзім ризамын. Мемлекеттік қызметте бұл тек қана алдына шығу, қызмет бойынша өсу мақсат емес керісінше алған білімімді тәжірбиемді, ел алдында халық алдында, мемлекеттік аппарат алдында дәлелдеу және көрсету көбінесе бұл жасалған еңбектің нәтежесі болып есептеледі.

Ел бойынша 10 мемлекеттік қызметкер үздік деп танылды. Мирас Жұмаділов ұлты мен мемлекеттің нағыз жанашыры. Оның мақсаты - қызметіне адал болу.


Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
17:13, 4 тамыз 2022
Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
Толығырақ...
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
21:18, 7 шілде 2022
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...