ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру қажет

18:46, 25 қаңтар 2022

Өңір әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша іс-қимыл бағдарламасы әзірленуде. Оны қалыптастыруға Ертіс өңірінің халқы белсенді қатысуы тиіс. Бұл туралы Павлодар облыстық әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте айтылды.

Аппарат жиыны кардрлық ауыс-түйістен басталды. Павлодар облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшылығына Балтабай Қаппасов тағайындалды. Балтабай Қаппасовтың екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1988 жылы Павлодар облысы Краснокутск ауданы К. Маркс атындағы совхоз орталық тогының лаборанты болып бастаған. Одан соң ішкі істер органдары, білім беру саласы және мемлекеттік қызметте жұмыс істеген.  Күні бүгінге дейін Ақсу қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болған. Әлеуметтік – экономикалық жағдайды тұрақтандыру үшін өңірде қысқа мерзімді іс-қимыл бағдарламасы қалыптасып жатыр. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчуктің сөзінше, бүгінде жұмыс тобы құрылған. Құрамына депутаттар, тәуелсіз сарапшылар және мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.Бүгіннен бастап 1 ақпанға дейін халықтан ұсыныстар қабылданады. Жүйелеу үшін тағы бір апта уақыт қажет. 15 ақпанда ұсынысты іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын дайын болуы тиіс.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Ақпарат және қоғамдық даму басқарамасы ұсыныстарды жинақтайтын орталық ұйымдастырсын. Экономик ажәне бюджетті жоспарлау басқармасы келіп түскен ұсыныстарды талдап, жүйелендірсін. Қалалар мен аудандардың әкімдері проблемалық мәселелерді депутаттық корпуспен және қоғаммен пысықтап, егжей-тегжейлі іс-шаралар әзірлесін. Басқармалар басшылары әр сала бойынша проблемалық мәселелерді біріктіріп, оларды шешу жөнінде алгортм әзірлесін. Менің орынбасарларым өз блогы бойынша жоспарлың әзірлеуін қамтамасыз етсін.

 

Аяулым Рахымжанова, Мұрат Әбілмажит

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік қызметкер мәдени қамтылуда
21:19, 20 мамыр 2022
Мемлекеттік қызметкер мәдени қамтылуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...