ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Елдіктің жеті тұғыры

20:04, 2 желтоқсан 2021

Жуырда Елбасы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жаңа дәуірдегі қазақстандықтар үшін негізгі бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының жиынтығын атап өтті. Мақаланы өңіріміздің зиялы-қауым өкілдері талқыға салды. Келесі сюжетке кезек берейік.

Ата-бабалар ізінің өткенімен өшкенін қайта жаңғыртқан «Рухани Жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларының жалғасы болған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын таныстырды. Бұл – отыз жылдық белесті елмен бірге өткерген Елбасының жас ұрпаққа жолдар үндеуі.

Жарқынбек Амантайұлы, облыстық мәслихаттың депутаты:

Елдіктің жеті тұғыры» бұл біздің тәуелсіздігімізді баянды ету. Соның ішінде ел мен жер, отбасылық құндылықтар, прагматизим, ұлттық руханият, шегендірген шекарамыз сияқты өзекті мәселелерімізді қамтып отыр. Тәуелсіздігімізді әрі қарай баянды ету үшін негізгі тірек болып саналады.

Дөңгелек үстелге басқарма қызметкерлері, облысымыздың зиялы қауым өкілдері мен «Мирас» қоғамдық кеңестің мүшелері жиналды. Олар тұғырдың әр бөліміне ерекше назар аударып, оның мән-мағынасын талқылады.

Айман Зейнулина,  профессор:

«Рухани Жаңғыру», сосын осы «Елдіктің жеті тұғыры». Ұлы далада да 7 қыр, мында да 7 бағыт. Бұл тегін цифра емес. Бар тақырыптардың аты өзгергенмен бағыты біреу және орынды қойған.

«Елдіктің жеті тұғыры» қағидалар жиынтығындағы әр бөлімнің маңызы зор. Мұнда, Тәуелсіздік, бірлік пен келісім, жер, отбасы мен салт-дәстүр, ұлттық мәдениет, білім мен еңбек, сондай-ақ прагматизм сынды еліміздің рухын ұлықтайтын сапалы да саналы асыл мұрадан құралған.

 

Мөлдір Сағидолла

 

Тақырып бойынша материалдар

Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
17:13, 4 тамыз 2022
Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
Толығырақ...
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
21:18, 7 шілде 2022
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тұрғындар екі емхананың жұмысына жиі шағымданады
17:58, 12 тамыз 2022
Тұрғындар екі емхананың жұмысына жиі шағымданады
Толығырақ...