ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ӘКІМ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН БАҚЫЛАДЫ

11:01, 5 мамыр 2020

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов, Павлодар жолдарын жөндеу жоспарын шағын аудандар есебінен қарастыруды тапсырды. Соның арқасында бұған дейін асфальт жабындысы жоқ көшелер де жөнделетін болады. Аймақ басшысы облыс орталығында жасалып жатқан жөндеу жұмыстарын өз көзімен көріп, кем кетіктерді толтыруды тапсырды.

Биыл жазда Павлодарда барлығы 82 көше жөнделеді. Оның 60-ында ешқашан асфальт жабындысы болмаған. Өткен жылмен салыстырсақ, 17 көшенің жолы жөнделген, оның 7-і қара жол. Биылғы қара жолды жөндеу 1,2 миллиард теңге бөлінді, ол былтырғыдан 11 есе арты артпақ. Биылғы жазда Лесозаводтың жолдарына түгел асфальт төселеді. Ал  Радиозавод, Хромзавод, МДС және Екінші Павлодар шағын аудандарының көшелері ішінара жөнделеді. Тізімде орталық көшелер де бар, бірақ облыс әкімі олардың орнына  шағын аудандарға көңіл бөлу керек деп шешті.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Климат жағдайы мен жолдың қалыңдығын ескеру керек. Ак.Сәтпаев пен Қамзин көшелерінің жалпы ұзындығы бойынша жөндеу жүргізу орынсыз. Тек жабыны нашар жерлерін ғана жөндеу керек. Босатылған қаржыны шағын аудандарға жіберіңіздер. Қазір желі төсемі жүргізіліп жатқан көшелер бар. Бұл орайда тұрғындарға барлық байланыс желілері салынып біткеннен кейін, жөндеу жұмыстары басталатынын түсіндіру керек.

Жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын жол зерханасы бақылайды. Аймақ басшысы мамандарға қысқы қолданыстан кейінгі жолдың беріктігін тексеруді тапсырды. Себебі жаз бен күзде білінбеген барлық ақаулар, көктем келісімен анықталады. Сонымен қатар, Әбілқайыр Сқақов бұрынғы құрылыс колледжінің ғимаратын аралады. Онын негізінде олимпиада резервінің мамандандырылған колледж-интернатын ашу жоспарлануда.  Үш корпустың ортақ ауданы 10 мың шаршы метрді құрайды. Бұл аумақ оқытылуға жоспарланған студенттер саны үшін бастан асады. Облыс әкімі қолда бар инфрақұрылымдық қорды қолданудың басқа, тиімді жолын қарастыруды тапсырды. Ал басқа әлеуметтік жоба Әбілқайыр Сқақовтың көңілінен шықты. Екінші Павлодарда бұрынғы темір жол колледжі негізінде Балалар шығармашылық үйі ашылады. Қазіргі таңда 6 мыңнан астам бала мен жасөспірім тұратын шағын ауданда бірде-бір қосымша білім беру ұйымы мен спорттық мекеме жоқ.  Шығармашылық үйінде білім беру мен ойын-сауық, ғылыми- техникалық,  туристік-өлкетану үйірмелері және спорт секциялары жұмыс істейді.  Аталмыш жоба аясында 2 мыңдай бала қосымша білім берумен қамтылады.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...