ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Әкім сағаты: Аян Бейсекин

18:42, 19 қараша 2021

Әкім сағаты жобасының кешегі қонағы Ертіс ауданының әкімі аян Бейсекин ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталап, көрермен тарапынан қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Сонымен қатар, Аян Уахитұлы 30 жылда жеткен жетістікке де ерекше тоқталды.

Соңғы 30 жылда Ертіс ауданының жалпы бюджеті 50 есе өскен. Салыстырмалы түрде алсақ 90-шы жылдардың басында 160 млн шамасында болса, бүгінгі күні 7,5 дейін артыпты. Бұл өз кезегінде ауданның экономикалық ахуалы жақсы екендігін көрсетеді.

Аян Бейсекин, Ертіс ауданының әкімі:

Енді бүгінгі күні 7,5 млрд бюджеттің 4 млрдтан астамы бұл сувенциялар. Одан басқа 1 млрд 200 млн-нан астамы ағымдағы траесферттер. Басты бюджеттің статьяларының бірі бұл даму трансферттері. Дамбу бюджеті деп атаймыз біз оны. 1 млрд-тың үстінде.

Ертіс ауданы егін шаруашылығымен елге танымал. Астықты алқаптың биыл жеткен жетістігі ерекше. Облыстық тізімде көш бастап тұр. Ағымдағы жылы 270 мың гектарға өнім егіліп, 1 млн тоннадан астам дәнді дақылдар алынған. Жалпы Ертіс ауданы бойынша біршама шаруалар атқарылып жатыр. бірақ, шешімлеген мәселелер де баршылық. Бағдарлама барысында аудан басшысына қойылған сұрақтардың басым бөлігі тас жолдарға қатысты қойылды.

Аян Бейсекин, Ертіс ауданының әкімі:

Біз биылғы жылы ауыл – ел бесігі бағдарламасы бойынша енді совет үкіметі кезінен жөнделмеген жолдарды қалыпқа келтірген болатынбыз. Мына северное ауылдық округінде. Оған дейін барлық әлеуметтік инфраструктураны қалыпқа келтірген болатынбыз. Сондықтан да мына комплекстік сұрақтарды шешу мақсатында іш шараларды өткізгенбіз. Енді қойып отырған сауалдың жаны бар. жаңағы, ауылшаруашылық тауар өндірушілер, енді қазір өздеріңіз білесіздер егін жинау мәселелерін енді аяқтадық. Одан кейін көмір тасу бар. жаңа салынған жолмен жүріп, соны бұзып тастайды деп қорқып отырған шығар. 

Әрине, жарты сағаттық бағдарлама ішінде ауданның ахуалын толық айтып шығу мүмкін емес. Десе де, Аян Бейсекин ең негізгілеріне тоқталып өтті. Айтпақшы, былтырғы маусымда аудан басшысы 7 спорт алаңы мен ірі спорт кешенін саламын деп уәде берген еді. мұның барлығы іс жүзінде орындалғанын жеткізді. Ал, ауқымды спорт кешенінің құрылысы келер жылы тамыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру қажет
18:46, 25 қаңтар 2022
Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру қажет
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
19:16, 24 қаңтар 2022
Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
Толығырақ...
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
19:38, 24 қаңтар 2022
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
Толығырақ...