ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ӘКІМ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

10:10, 21 сәуір 2020

Павлодарда «Шахматтар үйі» мен Мәшһүр Жүсіп мешіті аумағындағы саябақ жаңартылады. Облыс орталығында Амангелді көшесі кеңейтіліп, Затон шағын ауданында жаңа мектеп салынуда. Ал, Дачный шағын ауданында жаңа жылу желісі жүргізіліп жатыр. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов жұмыс бабымен қаланы аралап шықты.

Мәшһүр Жүсіп мешіті аумағындағы саябағын жаңадан қалпына келтіру жоспарланып отыр. Жаз мезгілі келісімен онда бір мыңға жуық адам серуендейді. Мешіт салынғаннан бері 20 жылға жуық уақыт бойы жөнделмеген. Қазір оны қосымша көгалдандырып, жаңа тас төсеп, бірнеше субұрқақтармен көріктендіру жоспарлануда. Сонымен қатар облыс басшысына павлодарлық «Шахматтар үйін» жөндеу бойынша жоба таныстырылды. Биыл «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында балалар-жасөспірімдер спорт мектебін қалпына келтіру жоспарланды. Дәл осындай бағдарлама аясында облыстық Аймауытов атындағы драма театры жөнделеді деп жоспарланған. Абаттандыру жұмыстары аясында ғимараттың шатыры ауыстырылады, театрдың алды жөнделеді, сахна жабдықталып, су мен жылу жүйелері жаңартылады. Облыс әкімі театр маңындағы саябақтың кейіпіне ескерту жасап, оны қалпына келтіруді тапсырды. Дачный шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің ауласында Әбілқайыр Сқақов аула ішілік аумағының жобасымен танысты.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Қалай дегенменде жасыл желек отырғызу жұмыстары бойынша жергілікті экологтармен кеңесу керек. Біз аулаларымыздағы ағаштар саны бойынша белгілі көрсеткіш шығаруымыз керек. Жоспарланған жұмыстарды орындамас бұрын, жергілікті тұрғындармен кеңесіп, олардың тілектерін ескере отырып қана, іске кірісуіміз керек.

Бұл жерде балалар алаңын және спорт, мини-футбол алаңдарын орнатып, саябақ пен көлік қоятын орындарды түзетіп, ағаштар отырғызу жоспары бар. Футбол алаңын жергілікті тұрғындар да көптен күтіп жүр.

Ризат Айтуар, Дачный мөлтек ауданының тұрғыны:

Мен Дачный мөлтек ауданында тұрамын. Бізде балалар футбол алаңы жоқ. 21-мектептің алаңы бар, бірақ ол мектептікі ғой. Сондықтан, балаларымыздың футбол ойнауы үшін алаң болса екен.

Әкім тұрғынның өтінішін дереу қаперге алып мәселені сол жерде шешуге тырысты. Сонымен қатар Дачный шағын ауданында жылу жүйесінің құрылысы басталды. Жаңа желінің ұзындығы 1,9 мың метрге жуық. Желіні тәжірибелі «Нұрай Строй» ЖШС  құрылыс компаниясы салып жатыр. Облыс әкімі жаңадан бой көтеріп келе жатқан «Достық» шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысының қарқынымен танысты. Қазіргі уақытта бас құрылыс жоспарына сәйкестікте және салынып жатқан шағын ауданда біркелкі сәулеттік бейненің болмауы мәселе тудырды. Бұдан бөлек, кейбір жағдайда салынып біткен тұрғын үйдің бағасы нарықтық бағадан біршама жоғары болғаны, келешекте несиелік үйді алатындар үшін қиын болатыны айқындалды. Әкім Амангелді көшесін кеңейту жұмыстарының қарқынымен танысты. Мердігер ұйымға жиектас орнату жұмысының сапасы бойынша ескерту жасады.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Маған сапасы ұнамай тұр. Адамдар да соны айтып жатыр. Сол үшін әдейі келіп тұрмын. Кеспек тастар қисық па әлде сапасыз жасалған ба? Кемшілікті те арада түзеңіздер. Бір апта уақыт беремін. Одан кейін депутаттар кеп тексереді, өзім де бақылауға аламын. Қателікті түзеңіздер!  

Бұдан бөлек, Әбілқайыр Сқақов 350 орынға арналған жаңа мектеп салынып жатқан Затон шағын ауданында болды. Жобаға сейкес, нысан 2021 жылдың қаңтар айында салынып бітуі тиіс. Бірақ мердігер ұйым- «Құрылыс МҚМ» серіктестігі барлық құрылыс жұмыстарын жаңа оқу жылының басталуына дейін аяқтайтынын жоспарлапотыр. Әбілқайыр Сқақов бұл болашақта құрылыс сапасына еш әсер етпеуін талап етті. Сондай-ақ, аймақ басшысына №39 мектеп аумағындағы стадионды абаттандыру жоспарымен танысты. Бұл жерде көпфункциялы рекреациялық аймақ құру мақсаты қойылған. Онда мини-футбол алаңы,  балалар және спорт алаңдары, иттерді серуендетуге арналған қаумал салып, ағаш егіп,  жаяужол салып, шағын сәулет нысандарын қою жоспарланған.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...