ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ЕКІ ШЕНЕУНІК ОРНЫНАН КЕТТІ

20:38, 29 сәуір 2020

Екібастұз қаласының бас санитарлық дәрігері қызметінен кетті. Ол кеншілер қаласындағы эпидемиологиялық жағдайды бақылаудан шығарып алғанын мойындап өз еркімен орнын босатқан. Сондай-ақ, кеншілер шаһарындағы №2 емхананың бас дәрігері де жұмысынан айырылды.

Белгілі болғандай, шахтерлер қаласында КОВИД-19 жұқтырған науқастарды дер кезінде анықтап, оларға тиісті емдеу шаралары жасалмаған. Салдарынан кви жұқтырушылардың саны күн санап артып барады. Оған соңғы кездердегі сандар дәлелі. Соңғы мәлімет бойынша өңірде коронавирустың 122 дерегі тіркелген болса, оның 74-і Екібастұзда анықталған. Осы жағдайдан кейін кеншілер қаласының бас санитарлық дәрігері орнын босатыпты.

Зәмзәгүл Досжанова, Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері:

Өкінішке қарай,  басқарма басшысы эпидемияға қарсы шараларды ақсатып алған. Анықталған науқастарға дер кезінде медициналық көмек көрсетілмеген және оқшауланбаған. Салдарынан жұқтыру фактілері көбейді. Сондықтан, өз еркімен жұмысынан кетті.

Індетке қарсы шараларды дер кезінде қабылдамағандықтан қызметінен кеткендердің қатарында Екібастұз қалалық №2 емхананың бас дәрігері де бар. Сонымен қатар, қалалық №1 емхананың директоры сөгіс алса, осы мекеменің бас дәрігеріне қатаң сөгіс жарияланған. Қатаң сөгіс алғандардың қатарында №3 емхананың да бас дәрігері бар.  

Біржан Досмайылов, денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Белгіленген аурулар уақытысында оқшауланған жоқ. Сондықтан ары қарай соның уақытысы кеткеннен кейін ол басқа ауруларға тарап кеткен. Ауруларға изоляция болмағандықтан басқа аурулар ары қарай жұқтырылды. Сондықтан сол мәселе, ең бастысы болған орнынан алу, выговор беру негізінен сол болды.

Айта кетерлігі, бүгінгі күні Екібастұзда КВИ анықталған адамдардың 30-ға жуығы облыс орталығына жеткізілген.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...