ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Дәріхана мәселесін ауыл әкімі шешуі тиіс

20:13, 19 мамыр 2022

Қарбыздың отаны - Аққулы ауданы бақша дақылдарын егу бойынша облыста көш бастап тұр. Соңғы 2 жылда дәнді және бұршақты дақылдардың жалпы түсімі 3 есе өскен. Мал басының өсімі бойынша да үштікке кіреді. Десе де, көрсеткіш жақсы болғанымен, инфрақұрылым жағы ақсап тұр. Елдімекенге жұмыс сапарымен барған аймақ басшысынан тұрғындар жол, су, ұялы байланыс мәселесін шешіп беруді сұрады.

Басы ауырып, балтыры сыздаған адам ең алдымен бас сұғатын жері - дәріхана. Бірқатар ауылдың тұрғындары дәрі-дәрмекті аудан орталығына, қалаға барып сатып алады немесе көрші-қолаңнан сұрауға мәжбүр. Облыс әкімі ауылда дәріхана ашу үшін көп қаражат керек емес екенін айтты. 

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Кеше ауылдарды аралағанда дәріхана мәселесін айтады. Көп қаражат қажет емес. Медицинадық амбулатория ішінде 3 шаршы бөлу деген оңай мәселе. Кәсіпкерлермен, компаниялармен келісімшартқа қол қойып, қажетті дәрі дәрмекті жеткізу қажет. Шалған жайтқан ауылдың тұрғындары қалаға бара алмайды, ауданға келе алмайды. Дәріні қай жерден алады? Сондықтан бұл мәселені ауыл әкімі өздері шешуі керек. 75 сұрақтың 30 пайызы ауыл деңгейінде шешіледі.

Енді ауыл халқы ем іздеп қалаға сабылмайды, оларға медициналық көмек көрсететін көліктер өзі барады. Жиын барысында Әбілқайыр Сқақов бұл жұмыстарды жеделтетуді тапсырды.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Қазір жеке медициналық кешенді іске қостық. Менің тапсырмам бойынша Аққулы ауданына олар шығады. Көбінесе шалғай ауылдарға барады. Алдын - алу жұмыстарын, профилактиканы ұйымдастырумыз қажет.

Ұялы байланыс пен жол жоқ

Аудан орталығынан 100 шақырым жерде орналасқан Жабағылы ауылының тұрғындары жылдар бойы шешімін таппаған әлеуметтік мәселелермен күресіп әбден шаршаған. Ауылда 200-ге жуық адам тұрады. Ұялы байланыс пен жүретін жол мүлдем жоқ.  Жаңбыр жауса жолдың барлығын су шайып, айнала батпаққа айналады. Адам түгілі биік көліктің өзі жолдан әрең өтеді.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Үкімет басшысы талап қойды. Енді әкімдердің жұмыстары жол мәселесін шешумен бағаланады. Сондықтан әр әкім осыған жауапты болу керек. Ауылдан бастап облыс әкіміне дейін жеке жауапкершілік болу керек.

Облыс әкімі аққулы халқымен кездесті

Бұдан бөлек, кездесуде ет бағытын дамытумен айналысатын шаруалар субсидия бөлу мәселесін көтерді. Өткен жылы фермерлер тек жылдың соңында ғана субсидия алған. Өңір басшысы жауаптыларға бұл мәселені дер кезінде шешуді тапсырды.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
17:13, 4 тамыз 2022
Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
Толығырақ...
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
21:18, 7 шілде 2022
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...