ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

БОКСШЫҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

12:03, 10 сәуір 2020

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Олимпиада лицензиясын иеленген боксшы Серік Теміржановқа Құрмет грамотасын табыстады. Аймақ басшысы павлодарлық былғары қолғап шеберімен кездесіп, спорттық мансабына табыс тіледі.

Спортшымен кездесу барысында аймақ басшысы Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет павлодарлық боксшы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия жеңіп алғанын атап өтті. Әкімнің айтуынша, спортшының бұл жетістігі Павлодар өңірі тұрғындары үшін үлкен мақтаныш.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Бұл біздің Тәуелсіздік алған жылдардан бергі бокстан алғашқы жолдамамыз. Бұл Павлодар облысы үшін де, бүкіл еліміз үшін де өте елеулі оқиға. Әрине, сіз көп уақыт пен күш-жігеріңізді осындай жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін  жұмсағаныңызды ескерсек, ең алдымен бұл сіз бен бапкеріңіздің еңбегі. Осындай үлгі аларлық істерге қарап, біздің өскелең ұрпақ спортты таңдап, республикалық және әлемдік аренада біздің өңірді даңққа бөлейді деп үміттенемін. Өз тарапымнан олимпиадаға дайындалуға барынша қолдау көрсетемін.

Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу құқығын Серік Теміржанов наурыз айының басында Иорданияда өткен іріктеу турнирінде қол жеткізді. Өкінішке қарай, бүкіл әлем бойынша коронавирус пандемиясына байланысты Токио олимпиадасы 2021 жылға ауыстырылды. Боксшы келер жылға дейін дайындықтарды әбден пысықтайтынын жеткізді.

Серік Теміржанов, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

Осы лицензияға көп күш салдық. Бірінші Алла, екінші осы ағайым. Оған қанша сборлар өтті. Енді, осы олимпиаданы тағы бір жылға шегертті жәнеде осы өткен лизенциялық турнирде кеткен қателіктерді жөндейміз, Олимпиадаға жақсы баппен дайындалып жақсы жүлдеге ілігіп қайту.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов, боксшыға және оның бапкерлік штабына алдағы уақытта табыс тіледі және Серік Теміржановқа өңірлік спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасын табыс етті.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...