ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

БИЫЛ 100 БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ

19:44, 22 ақпан 2021

Былтыр қала бойынша 100 ден астам балалар ойын алаңы жасалған. Ол үшін бюджеттен 680 миллионнан астам қаражат бөлініпті. Ал, биыл бұл жұмыстар қалай жүргізіледі? Қанша алаңқай бой көтермек?

Бүгінгі таңда қала тұрғындары тарапынан көтерілетін мәселелердің бірі – көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы балаларға арналған ойын алаңдары. Облыс әкіміне халық алдында есеп беру кездесуінде осы мәселеге қатысты сұрақ қойылды.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысы әкімі:

Мұнда кері байланыс және нақты алгоритмдер жоқ. Тұрғындар өтінішті қалай жіберу керектігін білмейді. Жалпы, аулалар қандай критерийлер бойынша таңдалады және олар қаржыландыруға қалай ие болады деген сияқты нақты тиісті жүйе болуы керек. Мен аудан қала әкімдеріне осыған байланысты тапсырма беремін. Бұл сұрақ біздің бақылауымызда.

Гауһар Мұса, тілші:

Облыс әкіміне сауал жолдаған тұрғынның көрсеткен мекен-жайы бойынша балалар ойын алаңқайы осы жерде орналасқан. Өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай балаларға арналған қауіпсіздік шаралары бұл жерде жасалмаған. Яғни ойын алаңының жан жағы қоршалмаған. Ал бұл жерден көліктер ағылып өтеді.

Тұрғындар да бұл жерге жөндеу жұмыстарының жүргізілмегенін айтады. Осы мәселені бірнеше рет көтердік дейді.

Людмила Грицай, қала тұрғыны:

Мен бұл жерде көптен бері жөндеу жұмыстарының жүргізілмегенін айтқым келеді. Көріп тұрсыздар ғой міне бәрі ескі. Балалар ойнап жүрген кезде сырғанақ болсын, әткеншек болын  сынып қалуы мүмкін. Өйткені әбден тот басып кеткен. Маңайының бәрі ашық. Бірнеше рет айттық осы мәселені.

100 жаңа ойын алаңын орнату үшін азаматтар мен Павлодар қалалық мәслихаты депутаттарының өтініштері бойынша аулалардың тізімі жасалды.  «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы аясында өткен жылы 106 балалар ойын алаңы салынған. Ол үшін   облыстық бюджеттен 680 450 032 теңге бөлінген. 2020 жылдың күзінде аулаларды абаттандыру жұмыстары аяқталды.

Гауһар Мұса, тілші:

Ал бұл қала көшелерінің бірінде орналасқан тұрғын үйлердің алдындағы жаңа балалар ойын алаңқайы. Өздеріңіз көріп отырғандарыңыздай бұл жерде барлығы су жаңадан. Балалар алаңсыз ойнауына болады. Өйткені бұл жер қоршалған. Олардың өмірі үшін қауіпсіз.

Айтып өту керек, қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі биыл шаһардағы аулаларға тағы 100 ойын алаңын салу жоспарланып отыр. Сала мамандарының сөзінше, жобалық –сметалық құжаттары наурызға дейін аяқталуы тиіс.

 

Гауһар Мұса

 

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ҚАЙТА ӨҢДЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
19:56, 24 ақпан 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ҚАЙТА ӨҢДЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Толығырақ...
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ІРІ ҚҰРЫЛЫС УЧАСКЕЛЕРІН АРАЛАДЫ
19:40, 22 ақпан 2021
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ІРІ ҚҰРЫЛЫС УЧАСКЕЛЕРІН АРАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
19:36, 19 ақпан 2021
БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
18:34, 25 ақпан 2021
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
Толығырақ...