
Өңірге жұмыс сапарымен «Вайнах» шешен-ингуш мәдени бірлестігінің төрағасы Юсуп Келигов келді. Ол қоғамдық келісім үйінде этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті. Сондай-ақ, 5 маусым күні елімізде өтетін референдумның маңыздылығы жайында айтты.
Юсуп Келиговпен кездесуге ақсақалдар алқасының мүшелері, Павлодар облысы ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері келді. Жиын барысында қадірменді мейман қонақжай қазақ халқы өзге ұлт өкілдерін кең пейілмен қарсы алғанын айтты.
Юсуп Келигов, «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығының төрағасы:
Қазақ халқының қонақжайлылығы арқасында көптеген ұлттар өздерінің екінші отанын тапты. 30 жылдары аштық пен қуғын сүргін заманын бастан кешірген қазақ халқы қиындықтарға қарамай бізді бауырымызға алып, мейірімділік танытып, қолдау көрсетті.
Елімізде 130 ден аса түрлі ұлт өкілдері ауызбірлік пен ынтымақтастықта өмір сүріп келеді. Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді қолдап отыр.
Юсуп Келигов, «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығының төрағасы:
Біз барлығымыз 5 маусым күні өтетін референдумға ат салысуымыз керек. Бір ел, бір тағдыр, ынтымағы жарасқан мемлекет екенімізді көрсетуіміз жөн. Себебі, уақыт бір орында тұрмайды. Сондықтан жарқын болашағымыз үшін дауыс беру қажет.
Заң бәріне бір. Референдум - халыққа берілген зор мүмкіндік. Әр ұсыныс пен пікір ескеріледі.
Әйгерім Тоқпанқызы