
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 30 жыл толуына орай облыс орталығында бильярдтан турнир өтті. Жарысқа күш құрылымдарының ардагерлері қатысты.
Соңғы екі жылда пандемияға байланысты мұндай жарыстар өткізілмеді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 30 жыл толуына орай тұспа-тұс келген іс шара құқық қорғау қызметкерлері ардагерлерінің басын біріктірді.
Райымбек Ахметов, Павлодар облысы бойынша ұқкд ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:
Осы мерекеге орай біз бүгін бильярды клубта күштік құрылым және құқық қорғау органымен ардагерлерінің басын қосып сайыс өткізудеміз. Сайыстың басты мақсаты жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және ардагерлердің өзара достық қарым қатынасын нығайту. Және сайыс болғаннан кейін жеңімпаздарды анықтау. Мен ойлаймын бүгінгі сайыста ардагерлер өздерінің есте қалған естілктерін еске алып, бір жайланып қалады деп.
Ардагерлер осы сынды бас қосуларды жиі өткізуді жөн санайды. Алдағы уақытта үстел теннисі, волейбол және спорттың басқа түрлерінен жарыстар ұйымдастырылмақ.
Турнирде алғашқы соққы жасалды. Жүлделі орындарға үш команда таласты. Барлығы 15 қатысушы жиналды. Геометриялық троектория және дәлдікті талап ететін ойын тартысты өтті.
Турнир қорытындысы бойынша үшінші орынды полиция департаментінің ардагерлер кеңесі алды. Екінші орынды төтенше жағдайлар департаментінің ақсақалдары қанжығасына байлады. Ал, бірінші орынды ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагерлер кеңесі еншіледі.
Қуандық Танабас, Әйгерім Тоқпанқызы, Мұрат Әбілмажит