ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

БИЛІК ПАРТИЯСЫ ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ

11:47, 14 мамыр 2020

«Nur Otan» партиясының төрағасы бастаған әлеуметтік желілердегі тікелей эфирді жергілікті жердегі филиал жетекшілері жалғастырып жатыр. Халықтың көкейіндегі сауалдарға жауап беру үшін бүгін Павлодар қалалық «Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасарлары әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирге шықты.

Бұған дейін «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирге шығып, халықтың көкейінде жүрген сауалдарға жауап берген болатын.  Сұрақтардың көбі әлеуметтік жәрдемге байланысты, сондай-ақ, «Біз біргеміз» акциясы аясында, көмекке мұқтаж отбасылардың тарапынан болған.

Илья Теренченко, облыстық «NUR OTAN» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Облыстық филиалда барлық қала мен облыс аудандарында бір уақытта  фейсбук және инстаграмм желілері арқылы тікелей эфирде өткізу туралы шешім қабылдадық.  Бүгін бұл эстафетаны бірінші Павлодар қалалық филиал 16.00де, 17:00де Екібастұз қалалық филиалы, 18:00 де Ақсу қалалық филиалы басшылары барлық сауалдарға жауап берді. Апта соңында, 14,15 мамырда осындай тікелей эфирді барлық аудандарда өткіземіз.

Бұл жолы эстафетаны Павлодар қалалық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Айгүл Мәлікова жалғастырып, әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде тұрғындар сауалына жауап берді.

Айгүл Мәлікова, Павлодар қалалық «NUR OTAN» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Бүгінгі тікелей эфирде 50мың теңге және де 42500, 15000 теңгелер қалай төленуде сол бойынша көп сұрақтар келді. Осы сұрақтарға жауап беруге тырыстым. Қала бойынша біз 4 мыңнан астам жанұяларға азық-түлікпен көмек көрсеттік. 

Бүгінгі тікелей эфирді Екібастұз бен Ақсу қалаларындағы билік партиясы басшылары жалғастырғанын айта кеткен жөн. Алдағы уақытта аудандардағы жетекшілер әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирге шығады.    

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...