ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНАН СОҢ

10:31, 15 мамыр 2020

Бүгінгі облыс әкімінің пресс конференциясында қаладағы №13 мектеп мәселесі көтерілген. Аймақ басшысы ол жерге өзі барып қанық болуға уәде еткен. Түстен кейін облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов бастаған топ білім ошағына арнайы барып, ата-аналардың мұң-мұқтажын тыңдады.

Шаһардағы  №13 мектеп бұған дейін жаңа ғимаратқа ауыстырылатыны хабарланған. Осыған орай  өткен жылдың қараша айыннан бастап жаңа мектеп құрылысы басталған еді.  Оқушылары жаңа мектепке ауысады деп жүрген кезде аталған білім ұясы №13 мектепке тиесілі болмай шықты. Сол себепті ата-аналар шағымданып, бұрынғы мектеп оқу талабына мүлдем сай келмейді дейді.

Ольга Коршунова, ата-ана:

Спортзал өте кішкентай, кішкентай балаларға арналған. Жоғары сынып оқушыларының төбеге бастары жететіндей, аласа. Киім ауыстыру бөлмесі тар. ұлдар мен қыздарға арналған Бір ғана санузел бар. Кабитнет тішінде кабинеттер оранласқан.  Сондай-ақ, дәліз де өте тар. Мектеп оқушыларны ыңғайсыз. Төтенше жағдай орын алса, өте қауіпті.

Ата-аналардың мұң мұқтажын аймақ басшысы Әбілқайыр Ысқақов, білім басқармасының басшысының қатысуымен ата-аналармен бірге талқылады. Сәйкесінше, мектеп ішін аралап, талапқа сай ма екенін өз көзімен көрді.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Сіздердің мәселелеріңізді естідім. Бүгін пресс конференция кезінде бұл сұрақ қойылды. Мен келіп, сіздермен жолығам деп уәде бердім. Қазір мектепке кіріп көремін. Одан кейін біз ақылдаса келе, қабылданған шешімді сіздерге айтамыз. Біз шешеміні табуды қарастырамыз. Біз дәл осылай болады деп айта алмаймыз. Барлық жағын қарастырамыз. Жолдан өту кезіндегі қауіпсіздіктен бастап, мәселені қарастыруымыз керек.

Ата-аналардың басты тілегі жаңа мектепке оқушыларды көшіру. Бұрыңғы мектеп талапқа мүлдем сай келмейді деп шағымданып отыр.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...