ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

БАСҚАРМАЛАРДАҒЫ КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС

10:42, 9 сәуір 2020

Өңірдің төрт бірдей басқармасында кадрлық-ауыс-түйіс болып, жаңа басшылар тағайындалды. Әкімдікте өткен аппараттық жиында аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов, жаңа жетекшілерді облыс активіне таныстырды.

Жаңа басшылардың ішінде жүзі таныстардан Мақсат Тұрлыбаев бар. Ол бұған дейін төрт жылға жуық уақыт аймақтағы экономикалық және бюджетті жоспарлау ведомствасына жетекшілік еткен. Енді, қаржы басқармасын қолға алатын болады. Ал, оның орнына өңірдің экономикасы мен бюджетіне Ирина Назарчук жауап беретін болады. Ол осы мекеме басшысының орынбасары ретінде ұзақ жылдар қызмет атқарды. 1965 жылы Железин ауылында дүниеге келген.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Төтенше жағдай кезінде менің өкіміммен Павлодар облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып Ирина Назарчук тағайындалды. Сіздер Назарчук ханымды жақсы білесіздер, жұмыс тәжірибесі көп. Жеті жылдан аса уақыт осы басқармада орынбасар болды.   

Ал, мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған Бауыржан Ниязбек, осы мекемеге жетекшілік ететін болады. Жасы 33-тегі жаңа басшы, Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Менің өкіміммен Ниязбек Бауыржан Қабылбекұлы, Павлодар облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бауыржан Қабылбекұлы 33 жаста, Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары.

Сондай-ақ, Владимир Платов индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша тәмамдап, Ресейдің Томбы қаласында білімін шыңдаған. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. Әбілқайыр Сқақов, жаңа тағайындалған басшыларға табысты қызмет атқаруды тапсырды.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...