ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

БАҒДАРЛАМАДАҒЫ АШЫҚТЫҚ ЖӘНЕ САПА

10:20, 18 мамыр 2020

Павлодар облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруда жаңа тәсілдер қолданылады. Мемлекеттік бағдарлама аясындағы қаржы операциялары эскроу-шоттар арқылы жүргізілетін болады. Ал жөндеу жұмыстарын өңірдің кез келген тұрғыны қадағалай алады. Облыс әкімдігінде мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың жаңа тәсілдері талқыланды.

Жиынға мердігер ұйымдардың өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары және депутаттар қатысты. Абаттандыру, жөндеу және құрылыс бойынша ауқымды науқанға 43,2 миллиард теңге бағытталды. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов атап өткендей, бұл қайтарымды қаражат.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Бұл мақсатты қаражаттың 70% – ы халықтың ақшасы. Біз бұл қаражатты бірінші траншпен 12 жылдан кейін, екінші траншпен 13 жылдан кейін, үшінші траншпен 14 жылдан кейін қайтаруымыз керек. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жұмыстарды орындайтын мердігерлер жөндеген нысандар қаражатты қайтару мерзіміне дейін шыдамаса, онда бұл қосымша қаржыландыруға әкеп соғып, халықтың наразылығын тудырады. Сондықтан құрылыс және жөндеу жұмыстарын адал орындау қажет.

Павлодар облысында мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын прокуратура, ұлттық қауіпсіздік департаменті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қадағалайтын болады. Қадағалау органдарында бұзушылықтар орын алған жағдайда жауапкершілік бәріне бірдей артылатынын атап өтті.

Айдар Тастеміров, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің басшысы:

Жымқыру үшін ең оңтайлы салалардың бірі әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы екені рас. Мұндағы маңызды кезең жұмыстарды жоспарлау және бастапқы жобалау-сметалық құжаттаманы жасау. Дәл осы кезеңде қаражатты жымқыру ниеті болған кезде материалдар мен жұмыстардың құнын барынша көтеру міндеті тұр.

Бюджет қаражатын ашық жұмсау үшін мердігер ұйымдарға эскроу-шот ашу ұсынылады. Цифрлық шоттар арқылы «Жұмыспен қамту жол картасы» жобаларына қатысты барлық қаржылық операциялар жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, мердігерлердің қызметін жұртшылық бақылайтын болады. Өңірдің кез келген тұрғыны құрылысты қадағалай алады. Олар кемшіліктерді фото және бейнетаспаға түсіріп, өз бақылауының нәтижелерімен бөлісе алады. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруды қоғамдық бақылаудың мониторинг топтарына журналистер, сарапшылар, қоғам қайраткерлері және облыстың дамуына немқұрайлы қарамайтын азаматтар шақырылады.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...