ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

АУЫЛҒА СУ ТАРТЫЛЫП ЖАТЫР

12:46, 26 мамыр 2020

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Ақтоғай ауданының Жаңабет ауылында орталықтандырылған су құбыры тартылып жатыр. Ал, үш жыл бұрын пайдалануға берілген Ертістегі Беловод топтық су құбыры, биыл мемлекеттен субсидия алатын болды. Аудандардағы су мәселесін облыс әкімі қадағалап қайтты.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының иігілігін Жаңабет ауылының тұрғындар көрейін деп отыр. Сексеннан астам түтін тұратын елді-мекенде бұрын орталықтандырылған ауыз су жүйесі болмаған. Су құбыры көше бойымен тартылады. Ал, әр үйге тұрғындардың өздері жеткізіп алуы керек. Ауылға келген әкімді жергілікті жұртшылық қаумалап алып, су қыбырын үйге дейін тартып берсе, деген тілектерін жеткізді.

Иманбек ақсақал, ауыл тұрғыны:

Он метр жерге оған халықтың жағдайы келмейді, келмейді жағдайы. Анандай бір екі үш метр тереңдікте қазу керек, оны фундаментінің астынан өткізу керек үйге қанша жұмыс ол. Мысалы, біз секілді инвалид колека қалай өткіземіз?

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Заң бойынша біз тек қана ауылдың ішіне ғана суды әкеп береміз. Ары қарай біз айттық әр үйдің қасына алып келеміз. Енді мына мұқтаж адамдарға мердігер өзінің әлеуметтік жауапкершілігі бар сол бойынша сіздер енді келісім шарт бойынша жәрдем көрсетіңіздер, қанша осындай ауылда мұқтаж адамдар бар.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, ауыл тұрғындарының жетпіс пайызының он метр жерге құбыр тартып алуға шамалары жоқ. Оған жұмсалатын ақша небәрі 40-50 мыңның айналасы екен. Бұл жерде жергілікті әкім мен аудан әкімшілігінің халықпен түсіндірме жұмыстары жүргізілмегені көрініп тұр. Оны Әбілқайыр Сқақов та құлақ қағыс етті. Әр үйдің іргесіне суды жеткізіп беру мәселесін аудан әкімдігі мен мердігер компания ақылдасып шешетін болды. Ал, осыдан үш жыл бұрын іске қосылған Ертіс ауданындағы Беловод топтық су құбыры ауданның он елді-мекені қосылған. Биыл мекеме алғаш рет мемлекеттен субсидия алатын болды. Бұл өз кезегінде тарифтің төмендеуіне ықпал етеді. Сондай-ақ, Үкіметтен берілетін қаражатқа станцияның кем кетігін толтырып, жағдайын жасап алуға болады, дейді мамандар. Станцияның жұмысымен танысқан аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов, Ертістегі су тазартқыш станциясы арқылы көршілес аудандарды да сумен қамтамасыз етуге болатынын тілге тиек етті. Оған станцияның қуаты жетеді, дейді.

Дмитрий Денисенко, Беловод топтық су құбыры станциясының учаске бастығы:

Қуаты жетеді. Біздің станция тәулігіне 5400 текше метр су өндіреді. Қазір жаз кезінде судың ең көп пайдаланатын кезінде тәулігіне екі мыңдай су тазартып таратып тұрмыз. Бізде қосымша алты мың текше метр су бар екенін ескерсек, көрші аудандарды емін-еркін қамтамасыз ете аламыз.

Бүгінгі таңда Ертіс ауданы ауылдарының 85 пайыздан астамы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Осы жылы бұл көрсеткішті 90 пайызға жеткізу жоспары бар.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...