ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Аулаларды абаттандыру қарқын алмақ

21:47, 25 мамыр 2022

Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов кезекті рет халықпен жүздесіп, есептік кездесу өткізді. Атқарылған шаралар мен жоба-жоспарларын бөлісті.

Қазіргі уақытта қала бойынша жылу  жүйелері мен су құбырларын жөндеу жұмыстары жүріп жатқаны белгілі. Осылайша, қала басшылығы қыстың қамым жазда ойламаққа көшкен. Тек коммуналдық сала бойынша ғана месе, биыл қаланы жасылдандыру, абаттандыру жұмыстары бойынша да бірқатар жобалар іске аспақ.

Асайын Байханов, Павлодар қаласының әкімі:

Балалар ойын алаңдары бойынша 27 аумақта жұмыстары жүргізілді. Ай сайын 30 аулан асфальттау.  мақсатына ұмтылудамыз. Барша жұыстар қазан айына дейін аяқталады.

Кездесуге келген тұрғындар сұрақты бірден жылу мәселесінен бастады. Әсіресе жеке сектордағы жер үйдің тұрғындары осы мәселеге келгенде әкімдікке өкпелі екендіктерін жеткізді.

Асайын Байханов, Павлодар қаласының әкімі:

Жеке секторды жылуға қосу үшін жылу стансаларын дайындық жұмыстарын өткізу керек. Сондықтан, ол мәселе бүгінгі күні шешілмейді. Биыл да, келесі жылы да шешілмейді.

Алдағы екі жылда жеке сеткорға жылу тарту мәселесі шешілмейдің деген әкім көпқабатты үйлерде де жылу жетіспеушілігі бар екендігін атап өтті. Ал, 30 мыңнан астам жер үйдің жиырма мыңнан астамы орталықтандырылған жылуға қосылмаған.

Қала әкімі бұндай кездесулер ретімен болып тұратындығын, қаланың мәсеелсін тұрғындармен бірлесіп шешуге ытырсатындығын жеткізді.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
17:13, 4 тамыз 2022
Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
Толығырақ...
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
21:18, 7 шілде 2022
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар