ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Аппарат жиыны

08:21, 17 қараша 2021

Биыл Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойы тойланады. Осы ретте Ертіс-баян өңірінде қандай шаралар қолға алынбақ? Мереке қарсаңында мемлекет тарапынан қандай жеңілдіктер қарастырылған? Бұл сұрақтардың жауабы облыстық әкімдікте өткен аппарат жиынында айтылды.

Биылғы мерекелік дата аясында аталып өтілетін қос бірдей мерекеге дайындық жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп келеді. олар, 1-ші желтоқсан тұңғыш Президент күні мен, 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі. Жоспар аясында 30 инфрақұрылымдық нысан, 23 индустриялық-инновациялық, 31 әлеуметтік-мәдени, 17 жаңа бизнес нысаны ашылған. Әрине, барлық атқарылып жатқан шаралар облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сай орындалды. Себебі, өңір 5 ай қатарынан қызыл аймақта келеді. десе де, республикалық көлемдегі мерекелік шараны атап өтуге Ертіс өңірі мықтап дайындалып жатыр.

Самал Бегалинова, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:

Естай атындағы мәдениет сарайында үлкен жетістіктерге байланысты көрсе ұйымдастырылады. Концертке облыстық мәдениет мекемелерінің әртістері мен отандық жұлдыздар қатысады. Және де концертте ҚР негізгі оқиғалары мен жетістіктері аталып өтіледі.

Әбілқайыр Сқақов, бұл жұмыстарды қазірден бастап қолға алу керектігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, қойылған баннерлер мерекенің мән-мағынасына сай болуы шарт.

Сонымен қатар, облыс әкімі жиын барсында ауылды жердегі мәдени салаға баса көңіл бөлу керектігін атап өтті. Әсіресе, жаңадан ашылып жатқан мәдениет ошақтары жастарды көптеп тартатын деңгейге жетуі керек, деп есептейді.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Ауылдық жерлерде мәдениет үйлері адамдарды тарту орталығы болуы керек. Соған айналуы керек ол біріншіден. Соның ішінде қосымша жастарға бөлек бір бағыт болуы керек. Мысалы, тақырыптық үйірмелер ашылуы керек. Өнер жеке топтары, тағы да қосымша қандай ғимараттың көлемі жеткілікті, сондықтан осыны тиімді пайдалану үшін жаңа консепция форматқа көшу керек.

Мерекені тойлау аясында аудан-қалаларға зор үміт артылып отыр. Мәселен, қазірдің өзінде облыстың аудан, қалаларында Тәуелсіздіктің 30 жылдығын айқындайьын баннерлер мен муралдар орналастырылып жатыр. Шаһар ішінде осындай 7 ақпараттық нысан бой көтеріпті.

Азамат Бәйтенов, ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы:

Аудио подкастар жасалынып жатыр. Ақпараттық агент басылымдарда беріліп жатқан барлық ақпараттар жаңа мультимедиялық форматты қолданып, жаңадан инфографикалар қолданып, жаңа түрдегі ақпарат енді халыққа жеткізіліп жатыр. оны күшейтеміз. Осы жобалардың алдында тағы да біраз жобаларды солай енгіземіз.

Бұдан бөлек, айтулы дата аясында әлеуметтік бағыт та назардан тыс қалмайды. Әлеуметтік осал топтағы отбасылар мен мүмкіәндігі шектеулі жандарға бір реттік жалпыға бірдей көмек те көрсетіледі. Қазақстан қысқа мерзім ішінде қарқынды дамып қана қоймай, әлем қауымдастығы алдында зор абыройға ие болды. Иә, 30 жылдық мерей той кең көлемде аталып өтілуі керек. Бірақ, шектеу шараларын да естен шығармаған дұрыс.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Жағдаяттық-сараптамалық орталықтың әлеуеті
11:20, 23 қараша 2021
Жағдаяттық-сараптамалық орталықтың әлеуеті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...