ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМГЕ КӨШТІ

15:12, 18 наурыз 2020

Павлодар облысында короновирус инфекциясымен ауырған адамдар тіркелген жоқ. Дегенмен де, барлық алдын-алу және қауіпсіздік шаралары жоспарға сәйкес жасалуда. Өңіріміздегі кәсіпорындардың жұмысшылары ауысым бойынша еңбек етуде, сондай-ақ, қашықтықтан жұмыс істеу тәртібі енгізілген. Короновирустың алдын алу және болдырмау бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар ретін облыс әкімінің орынбасары Асхат Оралов брифинг барысында баян етті.

Әлемді дүрліктірген короновирусқа қарсы тұру үшін Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Инфекцияның Павлодар облысында таралмауы үшін кешенді жоспар жасалып, арнайы жұмыс тобы құрылған. Бүгінгі таңда аймағымыз бойынша осы дертті жұқтырғандар жоқ. Дәрігерлер тіисті оқытудан өтіп, короновирусты анықтау мен емдеудің жолдарын меңгерген.   

Асхат Оралов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Короновирус инфекциясын емдеу және диагностикаласын өткізу бойынша 544 медициналық қызметкер арнайы оқытудан өтіп, біліктіліктерін арттырды. Облыс бойынша короновирус инфекциясы жағдайына арналған 845 төсек орны дайын.

Төтенше жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына ел аумағынан тыс жерлерге шығуға тыйым салынды. Сырттан келгендер уақытша карантинге орналастырылуда.  

Асхат Оралов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Төтенше жағдай бойынша заңымызға сәйкес ҚР азаматтарына шетелге шыға алмайды. Неге десеңіздер, дипломатиялық мүшелер шыға алады және медицина саласы бойынша егер жедел түрде көмек керек болса, біздің басқармадан құжат алып, шетелге шыға алады. Бірақ, басқалар шыға алмайды. Басқа мемлекеттерге іс-сапар жағдайы және демалыс мақсатында бара алмайды. Шектеу қойылады. Тек ресми құжаттарды алып, сонда ғана шыға алады.

Өңірімізде санитарлық тазалық жұмыстарына басымдық берілген. Барлық зауыттар мен кәсіпорындарға тиісті ескертпелер жасалынған. Қоғамдық көліктерде тәулік ішінде бірнеше мәрте залалсыздандыру шаралары жүргізіледі. Аймағымыздағы емдеу мекемелері дәрі-дәрмек, маскалар мен дизенфекциялық құрылғылармен толықтай қамтылған. Дегенмен де, жеке меншік дәріханаларда бетпелердің тапшылығы байқалуда. Бұл ретте павлодарлық өндірушілердің бірі өндіріс көлемін ұлғайтып отыр. Қазір жеке меншік ателье мен тігіншіклпен айналоыстан фирмалдармен келісімдер жүргізілуде.

Асхат Оралов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Қазір бұл ел бойынша болып отырған жағдайы. Аймағызда маскалардың тапшылығы бар. Бірақ, бұл мәселені шешеміз. Павлодар облысында өндіруші бар. Бірақ, ондағы өндірістік құралдардың кейбірі істен шыққан. Қазір біз аймағымыздағы ательелермен келісім жүргіземіз, олар маскаларды қолдан тігеді. Дегенмен бұл мәселе жақын арады шешіледі, күніне 10 мың бетперде тігетін өндіріс қосылады. СК-Формациядан дәріханалға 20 мың бетперде түседі. 

Бүгінде мектептердің оқушылары көктемгі демалысқа жіберілген. ЖОО мен колледжердің студенттері қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылған. Бұл ретте білім бағдарламасынан кешігу болмайды дейді сала өкілдері.

Дінислам Болатханұлы, облыстық білім беру басқармасының басшысы:

Мұғалімдер қашықтықтан оқыту форматына көшірілді. Колледждер оқы үдерісі ара қашықтық технологиясы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Студенттер үйден интернет арқылы сабақтарын оқып жатыр.

Короновисусқа байланысты барлық мекемелер сақтық шараларын қабылдауға міндетті. Кәсіпорындар өз ыңғайларына қарай қызметкерлерінің біраз бөлігін қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстырған. Сондай-ақ, Наурызға байланысты барлық мерекелік шаралар өтпейді. Қала, аудандардағы музейлер мен кітапханалар да уақытша жабылды.

Ернұр Дәуенов, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:

240 көпшілік мәдени шаралар тоқтатылды. Оның ішінде 42 қойылым театрдағы, 37 концерт басқа да іс-шаралар бар. Онымен қатар Павлодар облысындағы клубтар, кітапханалар, басқа да мәдени ошақтар жабылып отыр. Біз өкінішке орай көрермендерімізді, оқырмандарымызды қабылдай алмаймыз. Мәдениет мекемелеріндегі санитарлық жұмыстар күшейтілді. 1200-ге жуық мәдениет қызметкерлерінің  800-ден астамы қашықтықтан жұмыс істеуге көшірілді.  

Короновирус туындатқан жағдайда халықты дүкендегі баға алаңдатады. Кәсіпкерлер болса, табыстарынан айырылуға қорқады. Алайда, Үкімет қазір арнайы бағдарлама әзірлеуде. Ал сауда орындарындағы бағаға күнделікті түрде мониторинг жүргізілуде.

Асхат Оралов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Мемлекет деңгейінде комиссия құрылды. Антикризистік жоспар құрылады, бізге жіберіледі. Біздің аймақ бойынша азық-түлік бағасы өзекті. Дегенмен де біз барлық супермаркеттермен дүкендерде бақылау мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Аймағымызда жағдай тұрақты.

Жалпы, аймағымыз бойынша жағдай тұрақты және сақтық шаралары қатаң бақылауда дейді мамандар.

Қуандық Танабас, тілші:

Аймағымыздың дәрігерлері мен эпидемиологтары күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшірілген. Билік өкілдері маскалардың жетіспеушілігі мәселесі жақын аралықта шешімін табады дейі. Жалпы, өңір тұрғындары өздерін алаңдатқан сұрақтарға 67-52-08 телефоны бойынша жауап ала алады.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты билік органдары тарапынан барлық жұмыстар жүргізілуде. Халық та осы жағдайда сабырлық сақтап, тәртіпке бағынуы шарт.

Қуандық ТАНАБАС

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...