ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Аймақ басшысы шабандоздармен кездесті

20:00, 19 мамыр 2022

Сондай-ақ, Әбілқайыр Сқақов жергілікті шабандоздардың мәселесімен танысты. Былтыр ғана ауданда Шабандоздар клубы ашылған еді. Енді жас спортшылар жоғары нәтиже болуы үшін орталықта штат ашып, ұлттық спорт түрі бойынша үйрету, оқыту процесі жүргізілсе дейді.

Облыс әкімі Аққулы ауданының шабандоздарымен кездесті. Ат десе делебесі қозатын жастар ауданда ұлттық спорт түрлеріне баса назар аударылып келе жатқанын жеткізді. Төрт ауылдың жастары аталмыш спорт түрімен қарқынды айналысады.

Облыста 1800-ден астам адам осы ұлттық ат спортымен шұғылданып, қазақтың қаны мен жанына сіңген көкпар, бәйге, теңге алуды дамытып келеді. Ауыл жастары қолдау да жақсы деп отыр. Май, Аққулы, Ақтоғай, Байнауыл аудандары аталмыш спорт түріне жақсы көрсеткіштер көрсетуде. Ал, 2021 жылы осы Аққулыда «Жас шабандоз»  клубы ашылды. Осы ретте жастар штат мәселесін шешуді сұрады.

Аттың құлағында ойнап  өскен қазақтың балалары ұлттық спортқа, ауданның абыройын асқақтуға үлес қосып келеді.   

Осы ретте, аймақ басшысы шабандоздарға  сәттілік тіледі.

Спорт кешенінің жұмысы

Келесі кезекте Әбілқайыр Сқақов аудандық спорт кешеніне барды. Онда 9  үйірме бойынша 580-ге жуық бала спортпен айналысады екен. Алайда облыс әкімі жан басына шаққанда қаржыландыру көрсеткішін арттыруды ұсынды. Облыс бойынша спортпен шұғылданбаған тағы 16 мыңға жуық бала осы жаңа бағдарламамен қамтылуы тиіс деді, аймақ басшысы.

Жергілікті жас боксшылар да жақсы нәтиже көрсетуде.  

Кездесу соңында, Әбілқайыр Сқақов жас спортшыларға жақсы жағдай жасалып келеді,  тек нәтиже көрсету керек екенін айтты.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
17:13, 4 тамыз 2022
Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
Толығырақ...
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
21:18, 7 шілде 2022
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...