ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Аймақ басшысы Май ауданына барды

22:10, 24 қыркүйек 2021

Павлодар облысының әкімі Май ауданына жұмыс сапарымен барды. Әбілқайыр Сқақов ауданда спорт секцияларын жан басына қаржыландыру бағдарламасының іске асырылу барысын және ауылдық инфрақұрылымның қалпына келтірілуін тексерді.

Өңір басшысы жұмыс сапарын аудан орталығы – Көктөбе ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен бастады. Бүгінгі таңда күрес, үстел теннисі, футбол және басқа да спорт секцияларына 600-ге жуық бала барады. Өткен жылы мектепте жүгіру жолы мен толық көлемді футбол алаңы жөнделді, онда тек балалар ғана емес, ересектер де жаттығады. Әбілқайыр Сқақов қалалардың үлгісі бойынша, ауылдық жерлерде де спорт секцияларын жан басына қаржыландыру жүйесін енгізу қажеттігін атап өтті. Алайда, бұл үшін мамандар қажет.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Бапкерлерге ақпаратты толық жеткізу керек. Қазір бұқаралық спортты дамыту үшін мемлекет қаражат бөліп жатыр. Мысалы, бір бапкердің айлығы 150 мың болса, осы бөлінген қаражаттың шеңберінде 300-400 мыңға дейін апаруға болады. Қосымша жаңадан топтарды құрып, секцияларды ашып, спорт шебері немесе спорт саласында жоғары білімі болуы керек. Осындай жоспар болса, спортты дамытуға болады деген сенімдемін.

Өңір басшысы аудан орталығында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан екі пәтерлі үйлерді қарап, тұрғын үй құрылысының сапасын бақылауды талап етті.

Облыс әкімі Кеңтүбек ауылында 20 жылдан астам уақыт бос тұрған Жалтыр орта мектебінің ғимаратына барды. Осы уақыт ішінде балалар жақын жердегі қосалқы ғимаратта білім алған. Биыл «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы бойынша қаржыландыру бөлініп, бос тұрған ғимаратты жөндеу жұмыстары басталды. Өңір басшысы Малайсары ауылында «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жергілікті мектеп түлектерінің есебінен орнатылған шағын футбол алаңында болды.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Май ауданының әлеуеті жоғары. Малайсары ауылының да ерекшелігі бар. Сондықтан мектеп түлектері өте керемет. Басқаларға үлгі. «Ауыл ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, оның мақсаты, мағынасы өте терең. Тек қана мемлекеттік қаражат ол бір сәрі, кәсіпкерлер, осы бағытқа немесе көгалдандыру мәселесін шешсе, әрине ауылға деген үлкен тағзым.

Сондай-ақ, облыс әкімі «AgroExportPavlodar» ЖШС өкілдерімен сұхбаттасты. Қожалық мал шаруашылығымен айналысады және таза тұқымды және асыл тұқымды малды жеткізу бойынша операторлық қызметтер көрсетеді. Биыл кәсіпорын өз қажеттіліктері үшін 1000 бас ірі қара мал мен басқа фермерлер үшін 1200 бас ірі қара әкелді.

Шаруалар өздерінің аналық мал басын көбейтуді жоспарлап отыр, алайда, оларды күту үшін жем-шөп қоры мол боулы керек. Бұл мәселені шешу үшін кәсіпорын қосымша шабындық жерлерді жалға алуға ниетті. Әбілқайыр Сқақов фермерлерге қолдау көрсетіп, шетелден мал жеткізу аясында мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Мәжіліс депутаттары Павлодар облысына келді
11:20, 4 қазан 2021
Мәжіліс депутаттары Павлодар облысына келді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...