ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ІРІ ҚҰРЫЛЫС УЧАСКЕЛЕРІН АРАЛАДЫ

19:40, 22 ақпан 2021

Әбілқайыр Сқақов Павлодардың ірі құрылыс учаскелерін аралады. Өңір басшысы жаңа мектеп салынып жатқан «Сарыарқа» шағын ауданында және жұмыс істеп тұрған оқу орындарының ғимаратын кеңейту үшін жапсарлас құрылыс жүріп жатқан Жетекші және Мойылды ауылдарында болды. Сондай-ақ аймақ басшысы облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық бөлімшесінің құрылысын тексеріп, оңалту орталығын салуға ұсынылып отырған учаскеге барды.

Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық ауруханада салынып жатқан жұқпалы аурулар бөлімінде өңір басшысы кемшіліктерге назар аударды. Әбілқайыр Сқақов нысанды тапсыру кезінде жұмыс сапасын бақылау керектігін айтты. Облыс әкімі «Восточный» шағын ауданындағы бос жатқан жерде де болды. Онда оңалту орталығын салу жоспарланып отыр. Учаскенің ауданы үлкен саябақ аймағы бар көпфункционалды медициналық кешенді орналастыруға мүмкіндік береді. Өңір басшысы жобалау кезінде санитарлық қорғау аймағының нормативтерін сақтау қажеттігін атап өтті. Жетекші ауылында Әбілқайыр Сқақов 300 орынға есептелген жергілікті мектептің жаңа корпусының құрылысы қалай жүргізіліп жатқанын тексерді. Сондай-ақ, жаңа ғимаратта 100 орындық шағын орталық орналасатын болады. Оқу орны биылғы жылдың күзінде таныстырылуы тиіс. Мойылды ауылында жұмыс істеп тұрған мектептің қуатын арттыру жоспарланып отыр. Онда облыс әкімі кемшіліктері анықталған жобаға түзетулер енгізуді тапсырды. «Сарыарқа» ықшам ауданындағы мектеп 650 орынға есептелген. Құрылысшылар алдағы күзде жұмыстарды аяқтауға уәде беріп отыр. Әбілқайыр Сқақов мектепті «Заманауи мектеп» бағдарламасының стандарттары бойынша рәсімдеуді тапсырды және мектеп құрылысы жобаларын олардың қуаттарын арттыру жағына қарай қайта қарау қажеттігін еске салды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ҚАЙТА ӨҢДЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
19:56, 24 ақпан 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ҚАЙТА ӨҢДЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
19:36, 19 ақпан 2021
БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
18:34, 25 ақпан 2021
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
Толығырақ...