ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Аймақ басшысы Аққулы ауданына барды

22:11, 18 мамыр 2022

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жұмыс сапарымен Аққулы ауданына барды. Шақа, Малыбай ауылына барып, елдімекендердің тыныс-тіршілігімен танысып, әлеуметтік бағдарламалар аясында жасалған жұмыстарды көріп қайтты.

Алдымен аймақ басшысы Шақа ауылына атбасын тіреді. Мұнда 2016 жылдан бері қарқынды жұмыс жасап жатқан наубайхананың жұмысымен  танысты. Кәсіпкер Гүлнар Балағазинова ауылда нан-тоқаш өнімдеріне қажеттілік жоғары екенін айтып отыр. Нан пісіруге қажетті құрал жабдықтар, пештерді өз қаражаты есебінен сатып алған.

Наубайханада күніне 100 бөлкеден астам нан пісіріліп, 95 теңгеден сатылады. Ұнды тұрақтандыру қоры арқылы арзан бағада алып отыр.

Сондай-ақ, дүкен сөрелерінде әлеуметтік бағадағы тауарлар да бар. Оның ішінде қант, тұз, қарақұмық, күріш, макарон сынды өнімдер бар.

Бұдан кейін Әбілқайыр Сқақовқа жергілікті орман қорғаушылардың техникасы таныстырылды. Мекеме аумақтағы орман алқабын өрттен қорғаумен қатар, жасыл желекті отырғызу, күту жұмыстарымен айналысады.

Ертіс орманының бұл бөлімінде 40-тан астам адам жұмыс жасайды. Аумақты көгалдандыру шаралары өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға артқан.  

Облыс әкімі мәдениет үйінде тұрғындармен де кездесті.   Ауылдықтар көптен бері біржақты болмай қалған сұрақтарын ортаға салды. Алдымен көпті қала мен екі ортадағы жол мәселесі мазалайды. Жолдың бір басы асфальтталған болса, екінші басында жүріп тұру қиын көрінеді.

Бұдан бөлек, бұқара амбулаторлық кешен сұрап отыр. Басы ауырып, балтыры сыздаған халық жақын жерден медициналық көмекке жүгінгісі келеді. 

Ауылішіндегі жолдар да сын көтермейтін көрінеді. Сондай-ақ, тұрғындарды мәдениет үйінің жағдайы да алаңдатады. Бұны аудан басшысы алдымен нысанды әкімдіктің балансына алу қажет екендігімен түсіндірді.

Аймақ басшысы Шақадағы мешіттің жөндеу жұмыстарымен де танысты. Жамағат үйінің жаңартылу шараларына жақсы баға берді.

Сонымен қатар, облыс әкімі жол бойындағы Малыбай ауылына да соқты. Онда былтыр жөндеуден өткен мәдениет үйі көрсетілді. Әбілқайыр Сқақов мемлекеттің қыруар қаржысына жаңартылған нысан енді бос тұрмауы керек деді. Тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізу үшін жұмыстар жасалу қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, Малыбайдағы фельдшерлік пунктте жұмысын жасап тұр.  Дәріхана, процедуралық, күндізгі стационар да бар. Аймақ басшысы шалғайдағы тұрғындар медтексерістен, скринингтен өту үшін жылжымалы медициналық кешенді жіберетінін айтты. Тұрғындардың аудан, қала аралап кабинеттерді тоздырмауы керек дейді.

Ауылдың жолдары асфальтталуда, қала көшелерінен кем емес. Жергілікті тұрғындар да мемлекеттік бағдарламалар аясында жасалып жатқан шараларға риза.

Жұмыс  сапары соңында өңір басшысы  Алтай шаруа қожалығына атбасын тіреді. Қожалық 30 жылға жуық уақыт бойы мал шаруашылығымен айналысады. Күніне 40 бие сауады.  

Айта кетейік,   шаруашылық тұрақты түрде 25 адамды жұмыспен қамтуда. Енді қожалық иесі  шаруашылықты кеңейтуді жоспарлап отыр.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
17:13, 4 тамыз 2022
Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
Толығырақ...
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
21:18, 7 шілде 2022
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...