ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

АБАЙ КӨШЕСІ КЕҢЕЙТІЛІП ЖАТЫР

11:02, 21 мамыр 2020

Облыс орталығындағы Абай көшесі кеңейтіліп, асфальті жаңартылып жатыр. Әйтсе де, тұрғындар оған разы емес. Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана жаңартылған жолға қайта жөндеу жүргізу басы артық шығын дейді. Тұрғындар облыс әкіміне әлеуметтік желіде шағымданған.

Биылғы, Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында облыс орталығындағы Абай көшесіне ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазір Абай көшесінің Аманкелді мен Рылеев көшелері аралығындағы асфальт төсеніші жаңартылып, жолы кеңейтіліп жатыр. Ал, Абай көшесінің осыдан үш жыл бұрын ғана жаңартылған Гагарин мен Аманкелді көшелері арасындағы бөлігіннің жол шетін қопарып тастағанына тұрғындар наразы.  

Светлана Рощина, Павлодар қаласының тұрғыны:

Ақшаларын қайда жұмсарын білмей отыр ма? Бұл бөлігін осыдан үш жыл бұрын ғана жасаған. Енді, қайта қопарып жатыр. Мына жақта аяқ алып жүргісіз басқа көшелер бар соларды жөндесін. Көшеміз тарылып қалды, балалар қайда ойнайды, ағаштарды қайда отырғызамыз. Бас жақ бөлігін жөндегені дұрыс, ол жақта асфальт ескі.

Тұрғындардың шағымы аймақ басшысының құлағына жеткен. Көшені қалпына келтіру жұмыстарын жүргізбес бұрын, тұрғындар құлақтандырылмаған және пікірлері ескерілмеген, дейді әкім.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Абай көшесіндегі қалпына келтіру жұмыстарына сол көшенің тұрғындарының өзі разы емес. Менің түсінуімше, олармен бұл көшені көріктендіру бойынша ешкім түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген. Абаттандыру жұмыстары жайлы алдын ала ескертілмеген. Сондықтан да тұрғындар, қаражат қисынсыз жұмсалып жатыр деп ойлайды. Бұрын жөнделген жерге неліктен қайтадан жөндеу түсті?  

Осы және өзге де жол құрылысы жұмыстарына қатысты сұрақтардың жауабын анықтауды аймақ басшысы өзінің бірінші орынбасары Сұңғат Есімхановқа жүктеп, бақылауға алуды тапсырды.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА, Есенбек САНАТҰЛЫ


 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...