ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ӨРТТЕН 4 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

18:35, 25 ақпан 2021

Павлодар қаласындағы Ломов көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындары газдың иісіне шағымдануда. Төменгі қабаттағы қоғамдық тамақтану орны асханада газ баллонын қолданғаны белгілі болды. Өрт сөндірушілер бірнеше рет кафеге тексеріс жүргізіп, қандай ескерту жасады? Кәсіп иесі төтеншеліктермен жасалған ескертуге құлақ асты ма?

Жамбыл облысындағы жағдайдан кейін өңірімізде жер үйлерді, көпбалалы, тұрмыстық жағдайы төмен отбасылардың баспанасын тексеру жұмыстары күшейтіле түсті. Жыл басынан бері Павлодар облысында тоқсан алты өрт орын  алды. Салдарынан төрт адам қаза тауып, бес адам жарақаттанған. Статистика өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда өрт саны 81 пайызға көбейгенін көрсетеді. Төтенше жағдайлар департаменті бұл бағытта жұмыстардың жалғасып жатқанын мәлімдеді.  

Алексей Двинянин, ТЖД бастығының орынбасары:

Біздің қызметкерлер санитарлық нормаларды сақтай отыра тұрғын үй секторын аралап жатыр. Өрт қауіпсіздігін сақтау, электрқұрылғыларын, үйді жылытатын пештерді пайдалану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізді.

Көпқабатты үйлерде тұрмыстық газ баллондарын қолдануға тыйым салынған. Осы ретте, Ломов көшесіндегі 41 үйдің бірінші қабатында орналасқан кафеге қатысты тұрғындардың шағымы көбейді. Газдың иісі тұрғындардың мазасын алып, уайымға салған. Өткен жылы қоғамдық тамақтану орны төтеншеліктермен екі рет тексеріліпті.

Алексей Двинянин, ТЖД бастығының орынбасары:

Бұл факт бойынша 2020 жылы екі рет кафені тексеру жұмыстары жүргізілді. Бірінші ретте газ баллондарының бар екені белгілі болды. Әкімшілік өндіріс тағайындалды. Яғни баллондарды қолданбау туралы ескерту жасалды. Екінші ретте, газ баллаондары электрге ауыстырылғаны анықталды. Соңғы шағымға қатысты қалалық әкімдік деңгейінде тексеріс болады.

Айта кетейік, жылу маусымы кезеңінде төтенше жағдайлар департаменті жер үйде тұратын көпбалалы, тұрмыстық жағдайы төмен тұрғындарға 416 датчик орнатты. 84 үйде пештің  алдына қажетті қаңылтыр қойылған, ал  734 үйде түтін шығатын мұржалары мамандармен тазартылды.

 

Аяулым Рахымжанова, Самал Қалиқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖҮЙТКІГЕН ЖҮЙРІК ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ СОҒЫЛДЫ
20:45, 12 сәуір 2021
ЖҮЙТКІГЕН ЖҮЙРІК ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ СОҒЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...