ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Жыл басынан 15 адам суға батып кетті

21:39, 26 шілде 2021

Ағымдағы жылдың 19-25 шілде аралығында облыстың су айдындарында 4 адам қаза тапты, оның ішінде 1 бала. Суға бату фактілері Екібастұз қаласында, Май және Павлодар аудандарында тіркелген. Жалпы, жыл басынан 15 адам суға батып кеткен. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5% - ға өсу байқалады.

Облыста 30 демалатын жағажай бар. Оның 21-і коммуналдық, ал 9-ы жекенің қолында. Десе де, демалушылар көбінесе тыйым салынған, тексерілмеген аумақтарда шомылады. Сондай-ақ, сақтық шараларын сақтамайтын көрінеді. Салдарынан суға кетушілер саны күннен күнге өсіп келеді.

Мейрамбек Батырқұлов,  ТЖД бастығының орынбасары:

Адамдардың су айдындарына батып кетуінің негізгі себептері-тыйым салынған жерлерде шомылу. Екінші, мас күйінде шомылу. Үшіншіден, су айдындарында шағын көлемді кемелерде құтқару кеудешелерінсіз жүріп-тұру және балаларды қараусыз қалдыру. Облыс бойынша жыл басынан бері су айдындарында 15 адам қаза тапты, оның ішінде үш бала. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 пайызға өсім байқалады.

Өткен демалыс күндері Май, Павлодар аудандарында және Екібастұз қаласында орналасқан Сатпаев арнасында 3 облыс тұрғыны суға кеткен.

Мейрамбек Батырқұлов,  ТЖД бастығының орынбасары:

Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Май ауданы, Көктөбе ауылы, Ертіс өзенінің Белая тармағында жергілікті тұрғындар суға батқан азаматтың мәйітін тауып алып, судан алып шыққан. Ол шомылуға жабдықталмаған жерде суға батып кеткен, куәгерлердің айтуынша, мас болған. Ал, жексенбі күні Павлодар ауданы, Сычевка ауылынан 1,5 км жерде құтқарушылардың күшімен  2004 жылы туған жасөспірімді іздестіру жүргізілген. Ол түнгі уақытта қайықта төңкерілген. Сол күні, Павлодар ауданы, Ертіс өзенінің жылы ағысында 1999 жылы туған бала тыйым салынған жерде суға шомылу кезінде суға батып кетті.

Бөліп айтары, жыл басынан суға кеткен 15 адамның 9-ы мас күйінде болған. Сондықтан, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері сақтық шараларын қатаң қадағалап, кәмелет жасқа толмаған балаларды жалғыз су айдындарына жібермеуге кеңес береді. Алдын-алу мақсатында, төтеншеліктермен демалыс күндері су айдындарындағы демалыс орындарында 42 рейд жүргізілді. 209 адам жұмылдырылып, 920 үгіт материалдары таратылған.

 

Мөлдір Бультекова

Тақырып бойынша материалдар

Ер адам көшеде пышақпен жұрттың зәресін ұшырды
22:00, 8 қыркүйек 2021
Ер адам көшеде пышақпен жұрттың зәресін ұшырды
Толығырақ...
Сәтбаев атындағы ірі су арнасында өрт шықты
19:22, 31 тамыз 2021
Сәтбаев атындағы ірі су арнасында өрт шықты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...