ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Жұмбақ жағдайда жоғалғандар іздестірілуде

23:40, 3 мамыр 2022

Соңғы уақытта адамдардың жоғалу фактілері жиілеп кетті. Қазір Павлодар облысында 3 адам іздестірілуде. Павлодарлық полицейлерге әдеттегідей «Вита» іздестіру жасағы көмекке келді.

Әлеуметтік желіде Дархан Байтоктың із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабар тарады. 29-нан 30-шы сәуірге қараған түні Дархан достарымен Қарасуық ауылының жанында табиғат аясына демалуға шыққан. Жанында болғандардың сөзінше, таңғы 4 шамасында ол жерден кетіп қалған.

Раушания Байтусакова, Дархан Байтоктың апайы:

Ол жерден кетіп қалып, үйге келмей қойғаны миға сыймайды. Себебі біздің үй олар отырған жерден 10 минуттық жерде. Оны табуға көмектесіңіздерші.

Дарханның жанында болған достары демалып отырған кезде араларында ешқандай кикілжің, ұрыс болмады деп отыр.

Людмила Былинина, «VITA» іздестіру жасағының үйлестірушісі:

Ол ата анасымен бірге тұрады, байланысқа шықпай қойды. Ондай жағдай ешқашан болмады дейді ата анасы. Таңғы 5-тен бастап телефоны өшіп қалған.  

Осылайша 30-ы күні Дарханның туыстары оның жоғалғаны туралы айтып, іздестіруді бастады. Қарасуық ауылының аумағы, өздері демалған жер толығымен тексерілді. Оны іздестірумен полицейлермен қатар, іздестіру жасағы, Дарханның достары айналысуда.

Петр Дашкевич те қазір жоғалғандардың қатарында. 22 сәуірде Павлодар ауданының Набережное ауылындағы үйінен шығып кеткен.  «Вита» іздестіру жасағы 10 күн бойы оны іздеп жатыр. 

Людмила Былинина,  «VITA» іздестіру жасағының үйлестірушісі:

Сол күні сағат күндізгі 12-де ол әйелімен сөйлескен. 1 сағаттан кейін телефоны желіден тыс болып шықты. Содан бері міне хат хабарсыз.

Соңғы уақытта Павлодар облысында із-түзсіз жоғалып кеткен адамдар саны көбейіп кетті. Олардың қатары енді Дархан Байток, Петр Дашкевичпен толықты. Туған туысы, достары күдерін үзбей бұл жандарды асыға күтіп отыр. Сондықтан қандай да бір хабар біліп қалсаңыз 102 нөміріне хабарласыңыздар.  

 

Самал Қалиқызы, Кристина Касперович, Досымбек Токай

Тақырып бойынша материалдар

Көлік жүргізуші  құқығынан айырылған азамат ұсталды
17:31, 4 тамыз 2022
Көлік жүргізуші құқығынан айырылған азамат ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар