ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖҮЙТКІГЕН ЖҮЙРІК ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ СОҒЫЛДЫ

20:45, 12 сәуір 2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі жеке тұрғын үйге Audi автокөлігі соғылған. Қатты соққыдан үй қабырғасының кірпіші ұйықтап жатқан балаға құлапты. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда мәселенің мән жайы анықталып жатыр.

Алдын-ала мәлімет бойынша «Ауди» автокөлігін тізгіндеген жүргізуші жылдамдық әсерінен рульге ие бола алмай қалған. Көлік жеке тұрғын үйдің қабырғасына соғылған кезде үй иесі Марат Әлімов пеш жағайын, деп сыртта жүріпті. Даңғырлаған дауысты естіген соң, есікке қарай тұра ұмтылдым,-дейді.

Марат Әлімов, Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі №389 үйдің тұрғыны:

Мен пеш жағайын деп жатқанмын. Кенеттен қатты соққының дауысы естілді. Далаға шықсам, мына көлік тұр. Қоршау құлап жатыр екен. Бір жігіттің қашып бара жатқанын көрдім. Бірден 102-ге хабарласып, не болғанын түсіндірдім. Біраз уақыт өткен соң көлікті тізгіндеген жас жігіт қайтып келді.

Үй иесінің сөзінше, Ауди маркалы автокөлік Мәшһүр Жүсіп көшесімен Ломов көшесіне бағыт алып бара жатқан. Гагарин көшесімен қиылыста батыс жақтағы қосымша жолдан ВАЗ көлігі келіп соғылған. Сондықтан қоршаудан өтіп, үйдің қабырғасына тақалып тоқтапты.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Оқиға түңгі сағат 01 шамасында орын алған. Қатты соққының әсерінен өздеріңіз көріп тұрғандай үйдің іргесі сөгілген. Салдарынан 4 жасар бала зардап шекті. Ақ халаттылардың айтуы бойынша сәбидің өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Қазіргі таңда мәселенің мән жайы анықталу үстінде.

4 жастағы ойын баласының үстінге құлаған кірпіш қалдықтары ешқандай зақым келтірмеген. Дәрігерлер, амбулаторлық ем қабылдауға жіберіпті.

Эльмира Терімғалиева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

Облыстық балалар ауруханасына 2017 жылы туылған қыз бала жеткізілді. Хирург, лор дәрігерімен қаралған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Тек қана алғашқы жарақаттар болды. соны қарап шығып, арнайы медициналық көмек көрсетілді. Амбулаторлық емдеуге жіберілген болатын.

Жоғарыда атап өткендей, Ваз 21099 автокөлігінің жүргізушісі оқиға орынынан ізін суытып үлгерген. Бірақ, бұл қуанышы ұзаққа бармады.

Жасқайрат Қайыров, облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:

Ваз автокөлігінің жүргізушісі жасырынбақ болыпты. Бірақ, кейін ол Жамбыл көшесіндегі үйдің ауласынан ұсталды. Қазіргі уақытта Ваз автокөлігі айып тұрағына қойылды. Сараптама тағайындалып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету керек, Марат Әлімов бұл үйді 2015 жылы салған. Болашақта тағы бір бөлме қосамын деп жоспарлапты. Мұндай жағдай болады деп болжамағандығын жеткізді. Жыл басынан бері осы типтес 300 жол көлік оқиғасы тіркеліпті. Сала мамандары барынша абай болуға шақырады.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
18:54, 2 маусым 2021
Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
22:14, 31 мамыр 2021
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...