ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Жол апатынан екі адам қаза тапты

20:22, 15 қараша 2021

Жан түршігерлік жағдай. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қарашаның 14-ші жұлдызында сағат 10:40-тар шамасында жол көлік оқиғасы орын алды. Соққы қалдарынан екі адам қаза тауып, екі адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Оқиға «Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» тас жолының 72-ші шақырымында орын алды. Көктайғақ салдарынан 70 жастағы «ВАЗ – 21074» маркалы автокөліктің жүргізушісі көлігін тізіндей алмай, қарсы беттегі  «Фольксваген Пассат» автокөлігімен соқтығысқан.

Жасқайрат Қайыров, облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:

Салдарынан «ВАЗ - 21074» автокөлігінің жүргізушісі мен 70 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. «Фольксваген Пассат» автокөлігінің 49 жастағы жүргізушісі мен 19 жастағы жолаушысы жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу  басталды.  Автокөліктер арнайы айып тұрағына  қойылды.

Жол көлік оқиғасы жолдағы қар тазалау жұмыстары уақытылы жасалмағандықтан болуы маүмкін деген болжам бар. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде осы автожолға қызмет көрсететін ұйымды жауапкершілікке тарту мәселесі де қаралуда.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...