ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖОЛ АПАТЫНАН ӘЙЕЛ АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

19:57, 22 ақпан 2021

Бүгін, 22-ақпан күні, сағат 12:30-да Павлодар тас жолындағы апатта әйел адам көз жұмды. Ал оның 13 жасар жасөспірім баласы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Қалқаман-Керней» автожолының 89-шақырымында «Фольксваген»  және «Лада Ларгус» маркалы көліктері соқтығысқан.

Жанар Белялова, полиция департаментінің ресми өкілі:

Жол көлік апаты салдарынан, өкінішке қарай, «Фольксваген» автокөлігінің 33 жасар  жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 2007 жылы туған, кәмелетке толмаған ұлы жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тексеру жүргізіледі.

 

ПОЛИЦЕЙЛЕР 11 АЙЛЫҚ СӘБИДІ ҚҰТҚАРДЫ

Сондай-ақ, Павлодарлық тәртіп сақшылары 11 айлық сәбиді құтқарып қалды. Полиция департаментінің хабарлауынша, рейд барысында инспекторлар антисанитариялық жағдайдағы суық саяжайда өмір сүріп жатқан  отбасын тапқан. Олардың жуырда бір жасқа толатын баласының туу туралы куәлігі де жоқ. Көмірқышқыл газымен уланып, әрі суық тиген сәби ауруханаға жеткізілді. Жарығы мен суы жоқ аңыраған баспанада тұратын әйелдің тағы бір баласы бар болып шықты. Ол әжесімен тұратын көрінеді.  Балалардың шешесі профилактикалық есепке алынды.

Жанар Белялова, полиция департаментінің ресми өкілі:

Үйдегі пештен қатты шыққан ыстың иісінен дем алу мүмкін болмады.  Айналада кір мен антисанитарлық жағдай. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды, тексеруден кейін жас баланы ауруханаға жатқызды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Бала ауруханада жатыр. Емдеу курсынан өткеннен кейін ол сәбилер үйіне жіберіледі. Ал ананың мінез-құлқын кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия қарайды, онда оған және оның баласына көмек көрсету туралы мәселені қарау жоспарлануда.

 

Гүлсара Мәлікова   

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ӨРТТЕН 4 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ
18:35, 25 ақпан 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ӨРТТЕН 4 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ
Толығырақ...
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
18:34, 25 ақпан 2021
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
19:36, 19 ақпан 2021
БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
18:34, 25 ақпан 2021
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
Толығырақ...